Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-6
13:14, 16 июля 2009

Ұлы мадемуазель Коко Шанель

 

Blog post imageКоко Шанель - бұл жай ғана тарихи тұлға емес, бұл  өшпейтін сән дәуірі.  Оның модельдері қарапайымдылықпен ерекшеленетін, ал «Шанель стилі» түсінігі сән терминологиясына айналды.

Шанель киімді модельдеумен қоса, зергерлік бұйымдардың дизайнымен де айналысты. Ол стразалар мен табиғи тастардың арасында үйлесім таба білді. Коко өмірі париждық богемамен тығыз байланыста еді. Балет спектакльдеріне жиі барып, танымал балет импрессарио Игорь Дягилевпен, суретші Пабло Пикассомен достық қарым-қатынаста болатын. Көп адамдар Шанельге қызығушылық танытып, танысқысы келетін, бірақ кейін оның ақылсыз емес, өткір ойлы екенін байқайтын. Пикассо оны «әлемдегі ең парасатты әйел» деп атайтын.

Жалпы, Шанель стилі - костюм функционалды, әрі ыңғайлы болу қажет деген қағидаларды ұстанады. Егер Шанельдің костюмінде түйме бар болса, ол міндетті түрде салыну керек, оған қоса, туфли аяқты кішірейтіп көрсетіп, өкшесі биік болмау керек. Әдетте, белдемше (юбка, O'stin-нің өзі солай жазатын болды) тізеден төмен. Айтпақшы, сөмкені иыққа асып қою идеясы да мадемуазельдікі.

Биылғы жылдың сәуір айында Coco avant Chanel атты биографиялық фильм көрерменге ұсынылған болатын (біздегі премьера күзге қарай болуы мүмкін). Басты рольде француздың танымал актрисасы Одри Тоту (Audrey Tautou). Кино Chanel №5 атты иіс суының 88-жылдығына орай түсірілген.

Дәл осы датаға орай Chanel №5-тің жарнамалық ролигі де түсірілді. Николь Кидманның орнын басқан Одри бұл әдемі хикаяда айналадағы бар ұсақ-түйекпен үндесіп, жағымды әсер қалдырады.

Blog post image

Blog post image

Роликте Трэвис Дэвенпорт те ойнайды; қысқа метражды киноға ұқсас жарнамалық ролик Франция мен Турцияда 3 аптаның ішінде Жан-Пьер Жене (Jean Pierre Jeunet) режиссерімен түсірілді. Саундтрек  -   «I'm a Fool to Want You» Billie Holiday.

 

Шанельдің фразалары:

 

Тым қымбат киім қартайтып жібереді.

***

Жастар сәні - плеоназм; қарттардың сәні болмайды.

***

Сән архитектура сияқты, - мәселе пропорцияда.

***

Кәрілік махаббаттан қорғамайды, бірақ махаббат кәріліктен қорғайды.

***

Даңқ дегеніміз жалғыздық екен.

***

Сән – бұл сәннен шығып кететін нәрсе.

***

Сән өтіп кетсе де, стиль қалады.

***

Әйелдер басқа әйелдер үшін киінеді деп айтады. Бұл шындық. Бірақ әлемде еркектер болмаса, олар мүлдем киінбеуші еді.

***

Әдемілік - ер адамдар бізді жақсы көру үшін, ал ақымақтық - біз оларды жақсы көру үшін қажет.

Blog post image

 

-6