Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:43, 10 апреля 2011

ПР-шы маман

Бізге кеше "Kcell" компаниясының ПР-шысы Еркін Үдербай деген кісі келді. Ол бізге 4G деген жаңа технологияны таныстырды. Ол технология әлі біздің елімізде жоқ. Қазір Қорея, Жапония елдерінде қолданылуда. Бұл технология арқылы өзге техникаларды басқаруға болады. Мысалы, жолда келе жатып, кір жуатын машинаны, қысқа толқынды пешті басқаруга болады. Үйіңе келгенде, кірің жуылып, ал тамағың болса, жылып дайын тұрады. Йә, XXI ғасыр-техника заманы! Бұл-улкен шындық. Сонымен қатар, Еркін аға біздің көптеген сұрақтарымызға да жауап берді. Менің ойымша, ол-өте жақсы адам.Сабақ өте қызықты өтті.Маған ҚазҰУ-дағы ПР кафедрасында оқытылатын ПР-дағы телекомуникациялық технологиялар деген сабақ өте ұнайды. Бізге әр сабақ сайын интернеттегі журналистер,ПР-шылар және өзге де білімді әрі жақсы адамдар келіп сабақ береді. Және осындай қызықты кездесулерді ұйымдастыратын Айгерім апайымызға көп рахмет! Сондықтан ҚазҰУ-ға келіңіздер! ҚазҰУ-тамаша университет! Ал ПР-кафедрасы әркімге арман!

0
242
0