Александр Ляховпен өткен кездесу естен кетпестей болды

mereika_91 2011 M04 9
805
2
0
0

 Сәуір айының 2-ші жұлдызында біздің топқа "Қазақстандағы интернет бірлестігінің" вице-президенті, "Қаз Контакты" акционерлік қоғамының директоры Александр Ляхов мырза келген болатын. Ол бізге Пиар...

 Сәуір айының 2-ші жұлдызында біздің топқа "Қазақстандағы интернет бірлестігінің" вице-президенті, "Қаз Контакты" акционерлік қоғамының директоры Александр Ляхов мырза келген болатын. Ол бізге Пиар және технологиялар жайлы лекция сабағын өткізді. Ол өзін таныстырып болған соң, лекцияны арнайы дайындалған презентациямен бастағанды жөн көрді. Презентацияның тақырыбы "Пиар - шекарасы жоқ, соғыс алаңы" - деп аталады десек артық болмас. Ляхов бізге көптеген мәліметтерді айтты. Оның жүргізген лекциясы маған қатты ұнады. Себебі, ол өз ісінің нағыз білікті маманы екені тайға таңба басқандай боп көрініп тұрды. Ляхов өте ақылды, білімді, жан-жақты бола тұра мен оның ойының ұшқыр екені байқадым. Ол бізге өзінің білген-түйгендерін барынша айтып, бізді бір қуантты. Ляхов өзінің сабағында Пиар маманы жайлы және интернеттегі мәселелер туралы да біраз ақпараттар тарқатып кетті. Мен оның сабағынан үйренгенім Пиар бұл шекарасы жок соғыс дегенді түсіндім. Ұлттық БАҚ-ғы пиар ол - телевидение, радио, баспа және т.б. Және де пиар нен зертейді? - деген сұраққа толықтай жауап ала алдым. Халық ақпаратты қайдан алады? - дегенде бірнеше сайттарды атап көрсетті. Олар: bing.com, rombler, qwate, google, yandeх, т.б. Негативпен қалай күресуге болады, және пиардың интернеттегі өзгешелігі: позитив жүрген жерде негатив те қатар жүреді. Себебі, бұлар сыбайлас ұғымдар. Сондықтан да интернеттегі негативпен күресу әрбір пиар маманының міндеті болып табылады. Александр Ляховты лекциясын тыңдай отырып, өзіме қажетті ақпараттарды жинай алдым. Дей тұрғанмен Дядя Шаланың сыйға берген 7 кеңесін толықтай түсіндіріп кетті. Ал, мен қысқаша нақты баяндап кетейін. 

      1. Негативке тікелей байланысқа шығыңыз;

      2. Өз бизнесіңіз туралы қосымша сайт құрыңыз;

      3. Википидияны қолданыңыз;

      4. Пресс-релизді белсенді тарқатыңыз:

      5. Беттерді (парақ) сатып алыңыз;

      6. Өзіңіздің көпке ұсынар, сөздері жақсы өңделген сайттарды сатып алыңыз;

      7. Оқырмандар үшін ликбер ұйымдастырыңыз; 

Александр Ляхов өзінің лекциясының соңында бізден интеллигент пен интеллектуалдың айырмашылығын білесіңдерме? - деп сұрағанда оған Маржан есімді аруымыз жауап берген болатын. Менің ойымша интеллигент дегеніміз - барлық жақсы қасиеттерді тұла бойына сіңіре білген жеке тұлға болып табылса, ал, интеллектуал - ойлау қабілетінің деңгейі, ақыл мен парасат жүйесі деп білемін.   

Оцените пост

0

Комментарии

0
Бұны неліктен бірлесткітердін біріне жазбадыңыз? Көбірек адам көруші еді ғой.
0
Саған да Дядя шалдың дәрісі ұнады ма? Осындай адамдардың бізге апта сайын келіп тұруы қандай жақсы!!!
Показать комментарии