Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра

mereika_91 April 9, 2011
18703
14
141
0

  Домбыра мұнша  шешен болдың неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан...

 

Домбыра мұнша  шешен болдың неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра  ілулі тұрған немесе үй-ішінің  біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем  болған.Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді. Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін о бастан біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады.Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап беріп көрейікші?!

Оцените пост

140

Комментарии

0
Домбыра туралы жақсы ойлар жазыпсың. Қазақ өзі ән-күйді жақсы көретін халық емес пе, сондықтан домбыра кең таралған.
0
Әрине сенің ойыңмен толықтай келісемін. Алайда қазіргі таңда қазақтың киелі қара домбырасы ұмыт болып бара жатқан секілді.
0
Менің ойымша қазіргі кезде домбыра өнері даму барысында. Мысалы мен мектепте оқып жүрген кезде, бізде бастауыш сыныптарына арналған "мұрагер" деген пән болды. Бұл жерде домбыра тартуды үйрететін. Достарымның көбісі домбыраны жақсы тартады. Солардың біреуі Түркияның жоғаргы оқу орнында оқып жүрген кезде, әр түрлі мерекелер мен презентацияларда домбыра тартып жүрді, басқа бір досымның мектепте өзіннің жеке концерты болды.
Менің ойымша мектептерде бастауыш сыныптарға арналған домбыра тартуды үйрететін пән еңгізу керек. Әрине, барлығына емес, домбыра уйренгісі келетін балаларымызға.
Айтпақшы, мына жерден қазақтың күйлерін жазып алуға болады musicland.kz
0
Көп-көп рахмет. Өте жақсы жазыпсың! Ия, дұрыс айтасың, әр мектепте домбыра үйірмесі болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сізге рахмет көмегіңіз үшін.
0
Мен бір айтқым келетіні: Көбіне біздің ақын жырауларымыз, күй-термелерінде дін мәселесіне көп көңіл бөлген. Қай терме болмасын "әуелі Аллам оңдасыннан басталады"! Яғни, халқымыздың мұсылмандығына анық дәлел бұл! Қазір де қазақ бауырыма ойлан дегім келеді! Бекболат Тілеухановтың де айтқысы келетіні осы! Сондықтан мен былай айтар едім: "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - мұсылман!"

Мақсатым тек ой салу!

Тақырыптан ауытқығаныма кешірім сұраймын! Аллах Тағала бәрімізге иман, ырыс, береке берсін!
Показать комментарии