ҚазҰу қалашығында 3 күн бойы сенбілік өтті

mereika_91 2011 M04 9
1101
0
0
0

 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 7,8,9 сәуір күндері сенбілік болды. Бұл сенбілікті арнайы  жексенбі күні өтетін наурыз тойына байланысты ұйымдастырып отырған секілді. Дегенмен де...

 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 7,8,9 сәуір күндері сенбілік болды. Бұл сенбілікті арнайы  жексенбі күні өтетін наурыз тойына байланысты ұйымдастырып отырған секілді. Дегенмен де көктем келіп, күн жылынып, бәйшешектер бүр жарды емеспе! Сол себептен де ҚазҰу студенттері өздері оқитын білім ордаларының ауласын таза ұстағнды жөн санады. Бейсенбі күннен бастап журналистика фаультетінің білімді ұстаздары мен ақылды студенттері, жеңді түріп тастап іске кірісіп кете барды. Керек десеңіз факультет деканы Есберген Алауханов та қолына күрек алып, азда болса өз үлесін қосты. Сонымен қатар деканның орынбасарлары Айгерім Болатханқызы мен Ерлан ағай да аянбай еңбек еті. Әсіресе мен мына 105-топ студенттеріне, болашақ Пиаршыларға дән ризашылығымды білдіремін. Себебі, олар 3күн қатарынан сабақтарын тастап, халыққа өз пайдаларын тигізуге бір кісідей ат салысты. Онымен қоса біздің эдвайзеріміз Назгүл Тұсынбайқызы өзінің ауырып тұрған жағдайына қарамастан, жұмыла жұмыс жасады. Мен ойлап қарасам, бұрын соңды мұндай 3күнге созылған сенбілікті бастан кешірмеппін. Жалпы бұл сенбілікке еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейінгілердің барлығы бірдей жұмыс істеді десем, асыра сілтемегендік болар. Біз өз университетіміздің айналасын таза ұстауға, табиғатымызды аялауға және көгалдандыруға өз үлесімізді қостық әрі қарай да қоса береміз деген сенімдемін. Наурызға келіңіздеееер!               

Оцените пост

0