Еркін Удербаймен кездесу

arai_14021993 April 15, 2011
604
0
0
0

Ұлттық Университетімізде сәуір айының 9-шы жұлдызында Еркін Удербаймен кездесу өтті.Ол <Kcell> компаниясында PR бөлімінде жұмыс атқарады.Аталмыш кездесудің мақсаты өзіндік жобаны таныстыра...

Ұлттық Университетімізде сәуір айының 9-шы жұлдызында Еркін Удербаймен кездесу өтті.Ол <Kcell> компаниясында PR бөлімінде жұмыс атқарады.Аталмыш кездесудің мақсаты өзіндік жобаны таныстыра отырып,студенттерге азда болса да мәлімет беру.Маған кездесу қатты ұнады.Біріншіден,кездесудің басқа кездесуден ерекшелігі кездесудің қазақ тілінде өткені.Екіншіден,кездесуге ол кісінің дайындалып келгені көрініп тұр.Олай деуімнің себебі мынада:кездесуде интернет туралы,біздің PR мамандығы туралы небір презентациялар көрсетілді.Үшіншіден,біздің PR мамандығы жайлы ,мамандығымыздың маңыздылығы туралы көп мәлімет айтылды.Кездесуден менің үйренген жерлерім көп.Осындай кездесу Ұлттық Университетімізде ылғи болғанын қалар едім.Кездесу ұйымдастырған Бегалиева Айгерім апайға көп рахмет.

Оцените пост

0