Google-дағы қазақ тілі...........

inju-jan 2011 M04 5
922
2
1
0

Аударма жұмысы бұл тек қана ақша табу үшін ғана істелетін жұмыс емес, сонымен бірге оны кейде адамдар ақысыз да жасайды. Оның бір мысалы ретінде интернеттегі аударма жұмысының бір түріне назар...

Аударма жұмысы бұл тек қана ақша табу үшін ғана істелетін жұмыс емес, сонымен бірге оны кейде адамдар ақысыз да жасайды. Оның бір мысалы ретінде интернеттегі аударма жұмысының бір түріне назар аударайық. Ол локализация (интерфейсті, бағдарламаның құжаттарын, қосымша файлдарын бір тілден екінші тілге аудару) мәселесімен байланысты. Инернет әлемінде өз интерфейсін қандай да бір тілге аудару мүмкіндігін беретін ресурстар аз емес. Басты мақсаты ерікті, қызығушылық танытқан қолданушылардың көмегімен аударма жасау. Осындай дүниежүзін кең қамтыған шараларға қазақтар неге аз қатысады, тіпті қатыспайды десе де болады. Бір пікірталаста «Неге мен аударма жасауым керек, мен оны қазақша қолданбаймын ғой» , «оған ақша төлей ме?», «неге аударма жасауым керек, ол басқаның меншігі болады ғой» т.с.с толып жатқан пікірлерді естідім. Гуглдағы қазақ тілінің деңгейін мына суретен анық көре аласыздар:

Бірақ менің айтайын дегенім гуглда, уикипедияда, уордпресте т.б. ресурстарда  ҚАЗАҚ ТІЛІ болуы керек,  болды,  басқа ешқандай дәлелдің қажеті жоқ. Сол тек қана «болуы керек» деген ой үшін адамдар бірігіп жұмыс жасайды, өз үлесін қосады.

Ал сіз бұған не дейсіз?

Оцените пост

1

Комментарии

0
Аударуға қарсы емеспін. Сапалы болса жақсы.
0
Мен мүлде қарсы емеспін Тегін аударам!
Показать комментарии
Дальше