Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:36, 02 апреля 2011

Jeopardy телевикторинасы

 

«Jeopardy» - Америкадағы танымал телевикториналардың бірі. Жақында аталған бағдарлама тарихындағы ең ерекше оқиғалардың бірі орын алды. IBM компаниясының компьютері  «Ватсон»  телевикторинаның арнайы үш санында бағдарламаның жеңімпаздарын жерге қаратып кеткен. Бүкіл көрермен бұл тартысқа «Адам машинаға қарсы» деген ат қойып алды. «Ватсон» болса телевикторинада қатарынан 74 рет жеңіске жеткен білгіштің өзін сан соқтырды.  Ол сұрақтарға ең бірінші болып жауап беруі арқылы мықтыларды басып озған.  Адам санасынан асып түскен «Ватсон»  әлемдегі теңдессіз машиналардың бірі. Оның қатты дискісі керемет жұмыс жасайтын көрінеді.  Электронды машиналар дайындайтын IBM компаниясы үшін бұл бағдарламаның тегін жарнама болғаны рас. Қанша дегенмен, жасанды интеллект жасап шығару оңай емес қой.

 
0
330
7