Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:27, 02 апреля 2011

Сайлаушыға айтар сөзім бар...

 

Бүгінде біздің елдің халқы барды бағалай беретін ой-санасы жоғары деңгейде. Егемендігімізді алғалы бері жұдырықша  жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып келеміз десем артық асыра сілтегенім емес. Даңғаза, у-шудан аулақпыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында төрткүл дүниеден лайықты орнын тапқан зайырлы мемлекетпіз.

Өзім әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтанмын. Бірақ өз ортасында тісін қайрап жүргендерді кездестірмедім. Бала-шағаларының, ұрпағының бейбіт өмір сүріп жатқандығына шүкіршілік айтып, дән риза. Күн өткен сайын қала мен ауылдың әлеуметтік жағдайы теңесіп келеді. Студент жастар «Дипломмен ауылға» ұранымен қаруланып, ауыл жағдайын көтеруге бет бұруда. «Нұрлы көш», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы нәтижесінде соңғы жылдары көптеген білім ұялары есік ашып, ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып жатыр. Өндіріс орындары іске қосылып, жұмыс көзі ашылуда. Мұның бәрі еліміздің бүгінгі саясатының нақты жемісі!

Елбасы биылғы халыққа жолдауында мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлді.  2020 жылға дейін халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігіне екпін түсірді. Жарқын болашағын ойлайтын әрбір азамат «Ерінің сағын сындырған ел мұратқа жетер ме» деген Әйтеке бидің өрелі сөзін еске алып, елін сүйген Елбасыға дауыс береді деп сенемін.       

0
415
0