Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:49, 02 апреля 2011

Маусым айынан бастап ұялы телефондар байланысына 10 секундтық тариф енгізілмек

     Мамырдың 18-і күні Үкіметте Қазақстандағы телекеоммуникация саласын жетілдіруге байланысты өткен кеңесте Премьер-Министр Даниал Ахметов Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев пен ҚР Индустрия және сауда министрлігі жетекшілеріне маусымның 1-інен бастап ұялы телефондардың байланысына 10 секундтық тарифті енгізу жөнінде тапсырма берді.
Кеңестен кейін журналистермен болған брифингте Асқар Жұмағалиев маусым айынан бастап Интернет қызметі 25 пайызға арзандайтынын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ұялы телефон байланысы үшін тұтынушылар 1 минөт 10 секундқа 2 минөттің өлшемін төлейді. Ал егер 10 секундтық тариф енгізілген жағдайда абонеттер 15 пайыз шығынын үнемдейтін болады.

0
311
0