Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
17:59, 24 марта 2011

пистолет

Blog post imageТақырып осындай енді. Бұл туралы көп ойламаймын, бірақ бүгін есіме түсіп кеткені...

Қараңғы түн. Санаулы секундттар... сенің шекеңе тақалады. Мұздай екенін сезесің, пистолет екенін ұғынасың. Мұндайда не ойлауға болады?

Негізі бұл сәтте ұзақ ойлануға уақыт жоқ, әрекет ету керек. Сан миллион ойлар зуылдап өте шығады, солардың дұрыс-ау деген біреуіне, бәлкім бірнешеуіне жармасасың. Салқындық - бұл сенімділіктің белгісі, қорқынышқа орын жоқ.

Ештеме ұстап тұрған жоқ, өз еркің өзіңде. Не барсың, не жоқсың - бұның алып бара жатқан айырмашылығы жоқ. Оны мен жақсы білем. Көзді тастай жұмып, еңіреп жылаудың да қажеті шамалы. Қайта тынысың кеңейіп, көзің оттай жанады. Қызық.

Қарулы бейтаныс қарсылас қорқынышты емес. Бұл бір тәтті сезім: одан биіксің, қайта ол сенен қорықсын!

Енді ойланып отырсам, бұны басымнан өткергенім қандай жақсы болған. Ештеме өзгеріп кете қойған жоқ, бірақ белгілі бір жайттар айқындала түседі. Өкініш жоқ, өмір өткінші. Қару қандай суық болса, оның көздеген адамы да сондай суық. Ол - мен. 

0
536
0