Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
06:41, 17 марта 2011

Наурыз мейрамы

   Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

  Сонау заманнан бері келе жатқан мейрам болса да, қазіргі таңға дейін зор ықыласпен тойлануда. Қуанатын жайттардың бірі, жастар арасында да үлкен қарқынмен тойланып келеді.Халық болып қалу үшін өз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз абзал.

0
410
1