"Біз Қолдаймыз!"

Дана Шаяхмет 2011 M03 16
976
0
0
0

«Біз қолдаймыз» жастар қозғалысы барлық жастарды сайлауға қатысуға шақырады Белсенділердің айтуынша, «жас» деп тек студенттерді атауға болмайды. Еліміздің жастары ол – 18 бен 29 жас аралығындағы...

«Біз қолдаймыз» жастар қозғалысы барлық жастарды сайлауға қатысуға шақырады

Белсенділердің айтуынша, «жас» деп тек студенттерді атауға болмайды. Еліміздің жастары ол – 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар.

Ал бүгінгі таңда осы жасқа келген азаматтарымыз барлық тұрғындардың 3/1 бөлігі және қай салада болмасын қозғаушы күшке айналып отыр. Қазір осы қозғалысқа еліміздегі барлық жастар ұйымдары қолдау көрсетуде. Алда олардың да сайлау науқаны кезеңіне дайындаған іс-шаралары бар. Мәселен, 18 жасқа келген дауыс берушілер үшін «Мен тұңғыш рет дауыс беремін» шарасы ұйымдастырылмақ. Онда қозғалыс мүшелері алғаш рет дауыс берушілерге сайлау туралы ақпаратпен бөлісіп, оған қатысу үшін не істеу керектігі туралы мәлімет береді. Сондай-ақ, бүгіннен бастап жастар көп шоғырланатын әлеуметтік желілерде осы қозғалыс мүшелерінің дайындаған блогтары іске қосылуда. Онда кез-келген жас азамат өз сауалдарын жолдап, оған жауап алады. Ондай желілер арқылы арнайы түсірілген видеороликтерді де көруге болады. Белсенділер мұндай шаралар жастарды қызықтырып, ел үшін маңызды алдағы оқиғаға ат салысуына түрткі болады деген пікірде.

Хабар Агентігі

Оцените пост

0
Дальше