Жолаушы сұранысына сай.

Балкыз Абенова 2011 M03 25
923
0
0
0

Ақтөбе   мен  Алматы  арасында  жайлылық  деңгейі  жоғары  №33-34 пойызы  қатынай  бастады. Бірінші құрамы жолға шыққан  "Батыс" жолаушы  пойызы халықтың  жайлы, сапалы және  қауіпсіз  тасымалға ...

Ақтөбе   мен  Алматы  арасында  жайлылық  деңгейі  жоғары  №33-34 пойызы  қатынай  бастады. Бірінші құрамы жолға шыққан  "Батыс" жолаушы  пойызы халықтың  жайлы, сапалы және  қауіпсіз  тасымалға  деген  сұранысына  жауап  беретін қатынас  құралы  болды. Пойыз  отандық "Ремпассажирвагон-2" кәсіпорында  қайта  жөндеуден  өткен  "Жолаушылыр  тасымалы " АҚ- ның  вагондарынан  құрастырылған. Жөндеу  жұмыстары  кезінде  жолаушылар  ұсыныстары  ескеріліп, вагонның  ішкі  және сыртқы   дизайына  үлкен  көңіл  бөлінген. Нәтижесінде  барлық  вагондар  жұмсақ  әрі  ыңғайлы  орындарымен  жабдықталып,DVD-ойнатқыштары  бар  теледидарлар  қойылған. Мұнда  жолаушыларға шахмат,нард  ойындары  мен  газет- журналдардың  жаңа  номерлері   ұсынылады. Сондай-ақ  тоңазтқыш  камераларын, қысқа  толқынды   пеш пен сейфті  пайдалана  аласыз.СВ,купе  және  плацкарт  вагондары  бар  пойыздың  вагон-мейрамханасында  тағамның  әр  түріне  тапсырыс  беріп, түскі  немесе  кешкі тамақты  купеге  алғызу  мүмкіндігі қарастырылған.

Оцените пост

0