Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
07:24, 13 марта 2011

Ұялы телефонның шығу тарихы

 1875 жылы 12 маусымда  Бостон  университетінің  шешендік  өнер  мектебінің  профессоры  Грехем Белл ең  алғаш рет  байланыстырушы  сымдардың  көмегімен  өз көмекшісінің  даусын  естиді.Өнертапқыш  шотландтықтың бұл жаңалығы телефон деген атпен тарихта қалады.Бір  қызығы өнертапқыштың есімі  ағылшын тілінен  аударғанда "қоңырау" деген  мағананы білдіреді.Арада  бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды.Иллинойс  технологиялық университетінің түлегі  Мартен Купердің  өнертапқыштық бұл жаңалығын қазіргі әлем халқының жартсына жуығы күнделікті қолданып отыр.Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы1973 жылдың 3 сәуірінен басталды.Сол уақыттары Нью-Йорк  әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды,төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелілік ұялы желі құрылды.Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштыққа күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір  әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті.Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

0
16045
0