Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:40, 04 марта 2011

твиттер дегеніміз не?

 

Твиттер - достармен ақпарат алмасу құралы бола табылады.  Мысалы, үлкен сайттар, газеттер (@habrahabr, @vedomosti) өзінің тви-аккаунттарын жасап, жаңалықтарды жариялайды.Кейбіреулер твиттерді өзге ниетпен де қолданады: танымалдылық үшін немесе жарнама, жарнамалық блогын насихаттау үшін. Әдетте ондайлар тым көп адамға жазылып қояды. (Орташа есеппен 100 адамға жазылып, соларды оқып тұрсаңыз да жетеді, себебі фолловингтер саны одан көп болса, бәрін оқып шығуға уақытыңыз жетпейді).Айта кететін тағы бір қажет нәрсе - реплай (reply - жауап). Твиттерде достарыңыздың хабарламаларын оқып қана қоймай, оларға жауап беруге де болады. Содан болар, Твиттер кейде чатқа ұқсап кетеді, кейбіреулер осыны ұнатпайды. Неге? Мысалы: сіз Ержан мен Нұржанға жазылдыңыз, егер де олар өзара жазыса бастаса, сіз оны көріп отырасыз, бірақ ол қызықсыз болса, сізге осы «хат алмасудың» қажеті бар ма? (Айтпақшы, Ержан сіз танымайтын Айжанмен хабарлама алмасатын болса, сізге бұл ақпарат көрінбейді). Қысқасы, реплай жазуға қорықпаңыз, бірақ ұзақ хат жазысудың қажеті жоқ. Твиттерде жеке хабарламалар (direct messages) функциясы бар. Бір-біріңізге жазылсаңыз, «директтер» арқылы хабарласыңыз. Жалпы, хабарласу үшін көптеген мүмкіндіктер бар, алайда, твиттер - чат емес, ол микроблог.

0
979
1