Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:09, 04 марта 2011

Асхат Еркімбайдың оқу-әдістемелік құралы жайында

 2011 жылы Асхат Еркімбайдың құрастыруымен "Жаңадан блог бастаушыға арналған кеңестер" атты оқу-әдістемелік құралы пайда болды. Бұл кітапша Қазақстандағы АҚШ елшілігінің гранты есебінен жарыққа шықты. Бұл шағын кітапша блог жүргізуге қатысты көптеген мақалалардан тұрады. Мақаланың авторлары блог жүргізудің қыр-сырларымен бөліседі.

Бұл кіташаның бірінші бетінде мазмұны орналасқан. Бұл 29 беттен тұратын шағын әдістемелік құрал болып табылады. Соның ішінде, "Блог дегеніміз не?", "Блогсфера", "Блогкөпірлер" тақырыптары қамтылған. Сондай-ақ, "Блогты не үшін жүргізу керек?" деген сұраққа блогшы Өркен Кенжебек пен Ербол Азанбековтың жауап бергені жазылған. "Блог жазбаның 10 қағидасы" мен "Мәтін жазуға арналған 10 кеңес" атты тақырыптар кітапшаның мән-мағынасын ашып, молынан ақпараттар тарқатып отыр. Және де "Блог қандай заңдарға бағынады?" деген тақырыпшада қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте ме кешпе блог жазу туындайтынына байланысты бірнеше кеңестер беріп кеткен. Сонымен қатар, бұл оқу-әдістемелік құралында блогты насихаттау жолдары, блогқа не жазуға болатыны жайлы, электронды құралдар мен жиі қолданылатын блог-терминдер жайында да қарастырып кеткен.

Бұл кітапшаны құрастырып, халыққа танымал етіп, ұсынушы Асхат Еркімбай мырза! Ол кісіні бірнеше посттардың авторы, белгілі журналист, блогшы ретінде танимыз. Осындай оқу-әдістемелік құралын шығарып, біздің біліміміздің шыңдалуына үлкен септігін тигізді деп айта аламын. Ол кісіге айтар алғысымыз шексіз.       

 

0
538
0