Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:42, 04 марта 2011

Жаңа технология

Нағыз профессионал өз ісінің технологиясын, әдіс-тәсілін бес саусағындай меңгереді. ПР-ға келетін болсақ, бұл салада да өзіндік технология мен әдіс-тәсіл жетіп жатыр. Мы- салы, мен жақында ПР-ға кіріспе сабағынан техниканы жарнамалаудағы жапондық- тардың  ойлап тапқан жаңа әдісімен таныстым. Олар жаңадан шыққан фотоаппаратты кең таныстыру үшін саябаққа демалушы ретінде барып, өтіп бара жатқан адамдардан суретке түсіруді өтініпті. Ал суретке түсірген адамдар фотоаппараттың ерекшеліктерін байқап, сол жаңа фотоаппаратқа қызығыпты. Нәтижесінде тауарға деген сұраныс өсіп, ПР-шылар өз мақсатына жетіпті. Меніңше, бұл-өте қызықты әрі экспериментке толы жұмыс. Мен болашақтағы жұмысымның өзіме ұнайтындығы үшін қуанамын. Назарыңызға рахмет.

0
1048
0