8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

inju-jan 2011 M03 11
20879
0
185
0

  Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге...

 

Құрметті аналар!

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке.

Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.

Аяулы аналар, апайлар!

Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, Қазақстанымыз көркейе берсін!

8-marta-kaz-8888

Оцените пост

172
Дальше