бір шумақ

Алпамыс Батыр 2011 M03 1
1300
1
4
0

Мына жалған осылай өтедi екен, Әр адам өз жолымен кетедi екен. Сәждеге маңдай күнде тимесе егер, Жүрек таза деп ақталу бекер екен. Бiреулерге дүние арман екен, Жалған дүние бiздi де алдар...

Мына жалған осылай өтедi екен,
Әр адам өз жолымен кетедi екен.
Сәждеге маңдай күнде тимесе егер,
Жүрек таза деп ақталу бекер екен.
Бiреулерге дүние арман екен,
Жалған дүние бiздi де алдар мекен.
Лондон,Париж бiреуге арман болса,
Соқырларға күндi көру арман екен.
Музыка миымызды улар мекен,
Тот басқан жүрегiмдi ендi нетем.
Керең болып туылған зағиптарға,
Азан дауысын бiр есіту арман екен.
Шарап тасып жүремiз дүкендерден,
Құдай емес қорқамыз көкелерден.
Болғанымда қайтер ем жүре алмайтын,
Аяғы жоқ мүгедек пенделерден.

Оцените пост

4