Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:43, 18 июня 2009

Қазақша интернет қашан жетіледі?

Blog post image Жаһандасу жүйесіне тереңдеп енген сайын біздің елімізде де ғаламторды пайдаланушылардың саны артып келеді. Оған дәлел, өткен жылы Қазақстанда ғаламтор жүйесін пайдаланушылардың саны 100 адамға шаққанда 14 пайызды құраған.

... Ғаламтордағы саясатты реттеп отырған бірден-бір құзырлы мекеме – Ақпараттандыру және байланыс агенттігі. Осы агенттік мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту бағытында қандай бағдарламаларды жүзеге асырады? Өткен жылы «Электронды Үкімет» бағдарламасына сәйкес қолға алынған 14 АТ-жобалардың (ақпараттық технология – Т.Т.) 11-і пайдалануға беріліп үлгеріпті. Электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесіне және мемлекеттік базалық мәліметтерге интеграцияланған «Электрондық Үкімет» веб-порталы жұмыс істеп тұр. Енді үйінде компьютері бар кез келген қазақстандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгірмей-ақ, электрондық мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.

... Мәселен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық мұра» (www.ata-mura.kz) ақпараттық-танымдық веб-порталын мысалға алсақ, ол әлемдік ғаламтор жүйесіне қосылған. Еліміздегі мәдени нысандар мен ғылыми мұралар жөнінде ақпарат алғысы келетін әрбір адам осы порталдан керегін табады. Сонымен қоса, министрлік «Электрондық мемлекеттік кітапханалық қор – ҚазҰЭК» (www.kazneb.kz) жобасын жүзеге асыруда.

... Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде халықтың ең көп бөлігі пайдаланатын ғаламтор да, теледидар да көбіне-көп орысша «сайрап», жас ұрпақты орыстандыруға өлшеусіз үлес қосуда. Теледидарда ұлттық тәрбие беретін мультфильмдер мен балалар киносының және ғаламторда ұлттық әдеп-ғұрып, зерде-болмысымызды насихаттайтын ойындардың жоқтығынан жас ұрпақтың санасы орысша, ағылшынша ақпармен уланып жатыр. Сондықтан арсыз порнография мен үрейлі террорды насихаттайтын сайттарға заң жүзінде тыйым салатын кез жетті. Мәселен, қазір ғаламтордың бетінде біреуге қоқан-лоқы жасау, өміріне қауіп төндіру, масқаралау, жер-жебіріне жетіп балағаттау үйреншікті нәрсеге айналды. Сонымен қатар адастырғыш ағымдар, діни секталар, террорлық ұйымдар, жабайы эротика мен порнографияны ашық насихаттайтын сайттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп барады. Бұған келгенде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Неге?
Өркениетті елдерде бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан ең алдымен назарға алынып, заң шеңберінде шешілген. Сол сияқты біз де ғаламтордың ғаламат мүмкіндігін мемлекеттік тілді дамытуға пайдалануымыз қажет. Ол үшін мемлекеттік органдардың веб-сайттарынан бастап, барлық порталдарда қазақ тіліндегі ақпарат бірінші болып ілініп тұруы керек. Яғни қазақшадан орысшаға аударылуы тиіс. Ал бізде барлығы керісінше ғой. Сондықтан бізге қандай да бір ақпаратты қазақша іздестіру жүйесін іске қосатын кез жетті. Қазақ елінде тұрып, әлі күнге дейін орыстың maіl.ru, com және тағы басқа ғаламторлық желілерін пайдаланып келеміз. Бұл да ойланып ғана қоймай, кешіктірмей қолға алатын шаруалардың бірі.

Түптеп келгенде, біздегі ғаламтор ең алдымен мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, құрметтеуге, насихаттауға қызмет ететіндей саясат жүргізуміз керек. Ол үшін қазақша жарық көретін газет-журналдардың сайттары, электрондық БАҚ, мемлекеттік органдар мен тәуелсіз ұйымдардың сайттарынан басқа төл тарихымыз бен мәдениетімізді, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдебиетімізді насихаттайтын жаңа порталдар ашу керек. ...

 

Қысқартылып алынды.

Ақпарат көзі: http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=129&pub=22922

0
997
4