Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:49, 28 февраля 2011

Twitter

Twitter әлеуметтік жүйесі-мәліметпен бөлісу яғни өзіңнің жеке «интернет агентіңді» сайлап алу үшін пайдалы. Интернетті пайданушылар үшін әлеуметтік желі және микро-блог желісі қызметтерін ұсынатын wев-сайт ретінде ұғынуға болады. Тwitter-ден өзіңе пайдалы болатын қолданушыны  тауып алсаң да болады. Ол өзінің ойларымен, мәліметтерімен тегін бөлісіп отырады. Twitter-дің негізін қалаушы әрі қазіргі кезде де Интернет-ресурстың қызметін ұйымдастырушы компания — Twitter компаниясы. Компания басшылары әрі Тwitter-дің негізін қалаушылардың қатарына Джек Дорси, Биз Стоун, Эван Уильямс және тағы да басқа бір топ қызметкерлерді жатқызуымызға болады. Тwitter компаниясының іргесі негізінде 2006 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында қаланған. Қазіргі кезде Twitter Inc. компаниясының бас кеңсесі Сан-Бруно қаласында орналасқан.

0
138
0