Қазақстандағы kaznet жағдайы

arai_14021993 2011 M02 26
782
2
0
0

Қазақстандағы  казнет жағдайы қандай? Басқа елдерге қарағанда елімізде интернет,яғни казнет жағдайы онша дамымаған. Себебі біз интернеттен орыс тілінде немесе басқа тілде мағлұматтарды көп ала...

Қазақстандағы  казнет жағдайы қандай? Басқа елдерге қарағанда елімізде интернет,яғни казнет жағдайы онша дамымаған. Себебі біз интернеттен орыс тілінде немесе басқа тілде мағлұматтарды көп ала аламыз. Алайда, еліміздегі интернеттен қазақ тілінде мағлұматтар жоқтың қасы десе де болады. Болған жағдайда да көбінесе дұрыс аударылмаған, сөйлем құрамы дұрыс емес мағлұматтар көруімізге болады. Қазіргі статистикалық мәліметке сүйенсек елімізде 30 пайыз ғана интернетті қолданады екен және де елімізде интернет жүйесіне бір сағат отыру үшін 120тг төленеді. Ол әр адамға тиімсіз. Сайттарда көбінесе актуалды сұрақтарды нақты дұрыс факторлармен жазылған болуы қажет. Мен басқа басқа елдерде қандай екенін білмеймін. Бірақ бізде интернетте отырған кезде керек емес сайттар өзінен өзі шығып қалады. Яғни ондай сайттар болашақ ұрпаққа зиян деп ойлаймын. Сондықтан да біз болашақта қазақ тіліндегі сайттар жүйесін көбейтуге тиіспіз.

 

Оцените пост

0

Комментарии

0
Әрине, сізбен толықтай келісемін. Сіз болып, біз болып ғаламтордағы қазақша контентті дамытайық.
Показать комментарии