Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:23, 26 февраля 2011

Disc Sysytems

Blog post image

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың қатарындағы алғашқы орындар АҚШ және Жапон комапанияларына бұйырады.

Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысының ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болды. Ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде. Төмендегі суретте 1980 жылдардағы 8 жәшіктен тұратын 2,5GB сыймдылығы бар IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысы мен қазіргі таңдағы MicroSD Card дискілері салыстырмалы түрде қарастырылған.

0
487
2