Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:20, 26 февраля 2011

Бак пен Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2001 жылы «БАҚ менеджменті және жарнама» кафедрасы ашылды. Кафедраның ең басты артықшылығы – қоғаммен байланыс мамандарын республикада ең алғаш дайындады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.д,. профессор Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы. Кафедра өнімді жұмыс істеді, нарыққа алғашқы PR-мамандарын дайындай бастады. Расында да бұл кезеңде нарықтағы мамандардың көпшілігі тек теориямен сусындаған мамандар еді. Кафедраның ең алғашқы түлегі Казыбек Қасым бүгінде шоу-бизнестің белді өкілдерінің бірі.

Мамандық 2005 жылы жабылып қалды, оның себебі Халықаралық мамандықтар институтының жабылуымен байланысты. Бұл институт мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын жеңіп алған болатын. Мамандық министрліктің классификаторынан осылайша сызылып қалды. Кафедра енді мамандану бойынша журналистика мамандығының студенттерін дайындады.

Кафедраның екінші меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрғожина Ш.

Үшінші меңгеруші, ф.ғ.к., доцент Рожков А.В. мамандықтың қайта ашылуына көп еңбек сіңірді. 2010 жылы алғаш бізді, яғни 1 курс студенттерін қайтадан қабылдады.

Біз болашақта сапалы жұмыс істеу үшін білім алудамыз.

Шыңғысов Шерхан

105-топ

0
451
2