Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
09:02, 25 февраля 2011

Блог об экономике

Дорогие студенты, текст тезисов лекции по дисциплине "Экономика и Управление Инновационной Деятельностью Предприятий Производства Строительных Материалов на казахском Языке"

Лекция. Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негізі

1.Инновация түсінігі

2.Инновацияның негізгі мақсаттары

3.Инновациялық поцесс циклдық сипаттамасы

4.Инновацияның түрлері

1.Инновация түсінігі

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың біріретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс ,айырбас,тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.

Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.

«Инновация» термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады.С.б. «инновациялық қызмет», «инновациялық процесс», «инновациялық шешім» және т.б туыстас түсініктер енді. Инновация түсінігін анықтау үшін ғалымдардың әртүрлі көзқарастарымен танысу керек.

Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы.Әртүрлі ғалымдар, әсіресе шетелдік (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Хартман, Э. Мэнсфилд, И.Шумпетер және т.б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б.Твисс инновацияны ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б.Сантоның пікірінше, инновация – бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И.Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған.

Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.

Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация - (инно-қ қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.

2.Инновацияның негізгі мақсаттары

Инновацияның негізгі мақсаттары келесілер:

1. мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер табыстарын құру;

2. ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;

3. өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;

4. өткізуді дайындау және ұйымдастыру;

5. нарыққа жаңа тауарды ендіру;

6. технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.

Инновацияның негізгі кезеңдері келесілер:

1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;

2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;

3. жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;

4. жаңа өнімді құру;

5. нарықта тестілеу

6. өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.

3.Инновациялық поцесс циклдық сипаттамасы

Инновациялық поцесс циклдық сипатқа ие. ИП-тің жалпы түрі келесідей: ФЗ-ҚЗ-Ж-Жб-Қ-Иг-ӨӨ-М-Өт, мұнда ФЗ-фундаменталды зерттеулер, ҚЗ-қолданбалы зерттеулер, Ж-жасау(өңдеу), Жб-жобалау, Қ-құрылыс, Иг-игеру, ӨӨ-өнеркәсіптік өндіріс, М-маркетинг, Өт-өткізу.

Инновациялық процесстің бастапқы кезеңі фундаменталды зерттеулер(теориялық), ол ғылыми қызметпен байланысты. С.б. әрбір циклдың элементі(ФЗ,ҚЗ,Ж,Жб,Қ,Иг,жәнеӨӨ) ғылыми қызметпен толық байланысты болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ФЗ-дің тек 10% ғана тәжірибеде қолданыс тауып, қалған 90% теріс нәтиже бере алады.ФЗ мақсаты- процесті тану және дамыту.Сонымен, инновациялық менеджер инновациялық процестің әртүрлі фазаларымен қызмет жасайды және осыны есепке ала отырып,өзінің басқару қызметін жүргізеді. Инновациялық менеджмент- бұл инновациялық поцесстерді, инновациялық қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және оның персоналын басқару принциптері, әдістері және формаларының жиынтығы. Менеджменттің басқа да облысы сияқты, инновациялық менеджментке де келесі тән:

- мақсаттар қою және стратегияны таңдау;

- циклдық 4 кезеңі: жоспарлау, шарттар мен ұйымдастыруды анықтау, орындау, басшылық ету.

Инновацины басқару схемасы сурет 1-де келтірілген:

1 жоспарлау

3 Орындау

4 басшылық ету

2 шарттарды анықтау және ұйымдастыру

Мақсаттар қою және стратегияны таңдау

Сурет1. Инновацины басқару схемасы

Циклдың әрбір кезеңінде белгілі бір мәселелер шешіледі.

1. Жоспарлау - стратегияны жүзеге асыру жоспарын құру.

2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру- инновациялық циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау, қызметкерлер алдында мәселелерді қою,жұмысты ұйымдастыру.

3. Орындау - зерттеулер мен жасауларды жүзеге асыру, жоспарды іске қосу.

4. Басшылық - бақылау және талдау, іс-әрекеттерге түзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқару шешімдерін, жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау.

Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет. Жаңа инновация технологиялық параметрлері бойынша, с.б нарықтық тұрғыдан бағаланады. Осыны есепке ала отырып инновацияның жіктемесі құрылады

Технологиялық параметрлерге байланысты инновация өнімдік және процестік болып бөлінеді.Өнімдік инновациялар жаңа материалдарды,жаңа жартылай фабрикаттар мен комплекттерді қолдануды, жаңа өнімдер алуды өз ішіне алады. Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді (жаңа технологиялар).

ҒТП-тің кезеңдері бойынша ерекшеленетін инновациялар келесі белгілермен топталады:

- техникалық- жаңа немесе жақсартылған қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;

- технологиялық-өнімді жасаудың едәуір жетілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;

- ұйымдастырушылық басқару- өндірісті, көлікті өткізу және қамтамасыз етуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты;

- ақпараттық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерісаласындағы рационалды ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

- әлеуметтік – еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау,білім беру,мәдениет саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

4.Инновацияның түрлері

Инновацияның жаңа идеясының инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:

1.Радикалды инновациялар - әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар.

2.Комбинаторлы инновациялар - белгілі элементтердің жаңа үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар тұтынушылардың жаңа топтарын тарту немесе жаңа нарықтарды игеруге бағытталған.

3.Модификациялық инновациялар - нарықта бар өнімдерді жақсарту немесе толықтыруға бағытталған.бұл инновациялар кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтауға немесе күшейтуге негізделген.

Сонымен инновациялық поцесс, ол жаңалықтарды жүзеге асыру барысында болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістер жиынтығы.

Инновациялық процеске жүйелік, циклдық, мүмкіншілік, әлеуметтік маңыздылығы тән. Тәжірибеде инновацияны енгізуде инновацияны енгізуде инновациялық процестің ішкі құрылымынсипаттау үшін бірнеше моделдердің типтері пайдаланылады. Иновациялық тізбек - инновациялық процестің ең қарапайым моделі,онда бүкіл процесс жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.

Сурет 2. Инновациялық тізбектің схемасы.

Бұл модель бойынша жаңа ғылыми білім автоматты түрде экономикалық өсімге әкелуі тиіс. Инновацияның әртүрлі түрлері инновациялық менеджментке спецификалық талаптарды ұсынады. ҒТП, жаңа техникалық білім инновацияға ауысып, өндірістік процестерді жақсартуға, едәуір өнімді ыңғайлы және қауіпсіз техниканы қолдануға, шикізаттың жаңа түрлерін пайдалануға, еңбектің әлеуметтік шарттарын өзгертуге, яғни адамның қажеттіліктеріне жақындастыруға, жаңа және жақсартылған өнімдер өндіруге мүмкіндік береді. Барлық инновациялар өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.

0
1323
2