Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:18, 24 февраля 2011

"Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10жылдығы

Мен Қазақтың қара шаңырағы болып саналатын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде "қоғаммен байланыс " мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс студентімін. 2011 жылдың 18 ақпаны мен үшін естен кетпестей болып өтті. Бұл күні біз "Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10жылдығына орай, туған күнімен құттықтап, болашақ PR мамандары концерт ұйымдастырдық. Кешіміз өте жоғары деңгейде өтті. Өз қиялымызбен жасалған безендірулер мен ілінген баннер, өзіміз қорғаған жобаларды таныстыру мақсатында жасаған көрме көз тартарлықтай болды. Бірнеше күнге дейін кеш қонақтарынан естіген жылы лебіздер концерттің ойдағыдай өткенінің айғағы болып табылады. Өз тобымызды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған, яғни студенттердің концерт сахнасына әр түрлі жағдайда, әр түрлі музыкамен шығуының өзі біздің болашақ PR мамандарының ойларының ұшқыр екенін білдіреді.

Біздің топ осы концертте PR-ға тағы бір анықтама енгізді. Ол анықтама -"золушка".

Шындығында PR мамандарының қызметі "золушканың" еңбекқорлығымен пара-пар екені сөзсіз. "Золушка" ертегісінің желісімен қойылған қойылым өте сәтті шықты. Тобымыздағы студенттердің актерлік қабілеттерінің жоғарылығына тәнті болдым. Өз эдвайзеріміз бен кафедра меңгерушіміздің айтқан сөздерінен кейін біздің алдағы өмірімізде бұдан да үлкен жетістіктерге жететінімізге сеніміміз нығая түсті. Концерт соңында арнайы тапсырыс беріп жасатқан футболкалардағы жазулардан біздегі креативті идеаларымыздың мықты екенін байқауға болады. Біз енді ары қарай ұшқыр қиялдарымызды дамыту жолында жұмыс жасай беретін боламыз деген ойдамын. Мен өз тобыммен мақтана алатыныма қуаныштымын!!!

 

0
793
1