Қазақ тіліндегі Mozilla Firefox браузері

Интернетке шолу үшін қандай браузерді қолданасыз? Өзім OpenSource бағдарламаларды тандаған соң, Mozilla Firefox браузерін қолдануға тырысамын. Оның артықшылықтары: ол тегін (шынымен де, ол еркін...

Интернетке шолу үшін қандай браузерді қолданасыз? Өзім OpenSource бағдарламаларды тандаған соң, Mozilla Firefox браузерін қолдануға тырысамын. Оның артықшылықтары: ол тегін (шынымен де, ол еркін бағдарламалық қамтама қатарына жатады), жылдам (әсіресе, соңғы нұсқалары), мүмкіндіктері мол (кеңейтулерді қолдану арқылы шексіз арттыруға болады). Табылған ақаулықтар тез жөнделеді. Соңғы стандарттардың барлығын қолдайды. Және де ол браузер көптеген платформалар үшін бар. Windows, Linux, FreeBSD, MacOS, BeOS. Браузердің бастапқы кодтарын алуға болатын соң, оны кез-келген ОЖ үшін ыңғайлатып, іске қосуға болады (теория жүзінде). Кодтары ашық – сіз оларды қарап, ішінде шпиондық әрекеттерді орындайтын бөліктері жоқ екеніне оп-оңай көзіңізді жеткізе аласыз. Аз ба? Жақында шығатын Mozilla Firefox 3.5 нұсқасында құрастырушы пайда болады. Ол деген не? Өзіңіздің компанияңыз үшін браузерді ыңғайлатып, баптап, орнатудан кейін құрамында пайдалы кеңейтулер болатынындай енгізіп, жұмыс жасай аласыз. Мысалы, компанияңызда жүздеген компьютерлер болса, администратор жұмысын мың есе ыңғайлатады. Кеңейтулерге қоса браузердің темасын, логотиптерін де ауыстыруға болады.

Осындай браузерді қолдану Интернетте жұмыс жасаған кезде шпион, вирустар, трояндарды сіз білмей-ақ алу мүмкіндігі азаяды. Статистикаға жүгінетін болсақ, вирустардың көбі Интернеттен жұғады ғой. USB дисктер (флешкалар) екінші орында шығар, ол жағын нақты айта алмаймын.

Ал, қазақша сөйлейтін болсаңыз, бұрын сізге басқа тілдегі браузерді қолдану керек еді. Өйткені, қазақ нұсқасы жоқ еді. Браузер тегін таралады. Ол үшін сізден ешкім бір тиын да сұрамайды. Бірақ, еркін таратылатын бағдарламалардың ерекшелігі сол – оларға ешқандай түрде кепілдеме берілмейді. Яғни, қолданам десеңіз, өзіңіз білесіз. Ол бағдарлама есебінен сізге зиян тисе, ешкім жауап бермейді. Түсінікті, осылай дұрыс қой. Ауа да бізге еркін және тегін беріледі. Ол үшін де ешкім ешқандай түрде жауап бермейді ғой.

Соңғы кезде осы браузер мен қазақ тілдің арасы жақындай түсті деп айтсақ болады – браузердің қазақ тіліндегі нұсқасы пайда болды. Оны аударған – жұмыс жасаған біз, бірнеше адамбыз. Неге тегін жұмыс жасау керекпін, ондай сұрақ бізде болмады. Өйткені, қазақ тіліне аудару – ондай браузерді қолдану мүмкіндігі берілгені үшін біз жасай алатын ең аз төлем. Уақыты бойынша аудару бірнеше айға созылды. Терминдерді іздеу және мәтінді қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес қылу көп уақытымызды алды. Сонымен қатар, көмек көрсетем деушілерді іздедік, бірнеше адам бізге қосылды. Аудармашы болу міндетті емес қой, одан басқа да жұмыстар бар, бірақ негізгі – қазақ тіліне аудару ғой.

Ал енді, уақыт өтті, осы жұмысты біз аяқтадық. Сынауға көмектескен барлық адамдарға ризамыз, рақмет айтамыз. Браузердің өзінен басқа жиі қолданылатын кеңейтулерды де (Adblock Plus, Noscript, Download Statusbar, Extended Statusbar, Flashgot) қазақшаға аудардық.

Осы жұмыс аяқталғанымен, ол – тек ағымдағы жұмыс еді. Болашақта жаңа нұсқалар да шығады ғой, оларда жаңа сөздер пайда болады, оларды аударып, браузердің қазақ аудармасын белсенді түрінде ұстауға тырысамыз. Көмек көрсетем десеңіз, хабарласыңыз. Қателер жөнінде де хабарлауды ұмытпаңыз.

Қолданам десеңіз, іске сәт! Қазір-ақ қазақ нұсқасын жүктеп алыңыз. Әзірше ол БЕТА нұсқасы.

Жүктеп алу парағы

 

P.S.: это кросс-пост с моего блога

Оцените пост

0

Комментарии

0
Молодец! ;-)
0
Жарайсың!
0
Рахмет!
Больше программ на казахском, хороших и лучших
0
кажется пора казахский начинать учить
0
Керемет бастама!

Кейбір сөздері мағыналық жағынан әлі де болса түзетуді қажет етеді екен.
Показать комментарии