Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:09, 21 февраля 2011

"Ғаламарт"- шығармашыл жастар клубы!

"

Сөйтіп шығармашыл жастар клубының бейресми ашылуы болып өтті. Өткізетін орын тауып берген суретшілер одағына алғысымызды білдіреміз! Алдынғы посттарымның бірінде клуб атын ойластырып жатқанымызды айтып кеткен едім. Ойланып, толғанып ақыры "Ғаламарт" болсын деп шештік. Бірінші кездесуге жиырма шақты адам келер деп үміттенген едік, ұзын саны елуден асып кетті)) 
Blog post image
Бір бірімізді көріп отырайық деп орындықтарды айналдыра қойып шықтық.
Blog post image
Жиналған қауым.
Blog post image
Клуб жетекшісі Алмас Мустафаев клуб мақсатын түсіндіру үстінде…
Blog post image
Ағаларымыз сырттан бақылап тұр))
Blog post image
Айтпақшы Салтанат келген (Балғырған). Бірақ орын жетпей қалды))
Өкініштісі шақыртқан, күткен адамдарым келмеді. Клубка тек суретшілер емес, барлық өнер саласындағы адамдар жиналса деп едім… Болашақта жинала жатар деген ойдамыз! Келем деушілерге есік ашық! bekmur83@mail.ru осы жерге хат жазу арқылы хабарласа аласыздар.

 

0
488
0