Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:07, 17 февраля 2011

Имансыз адам иттен төмен

Құда-құдағайына Парижден плащь, Дубайдан дубленка, Бомбейден бөрік кигізіп,  Қазақстанға көрік бергізіп жүрген көкелеріме «Құдай үшін зекет бермейсің бе?»   десең «ақша жоқ» деп зар еңірейді.

Қазір екінің бірі сауданы үйіріп алып кеткен кезең. Ақшасы жетіп тұрғандар Алла Тағаланың парыз еткен зекетін тиісті орындарына бермесе, жиналып бірақ берілмеген зекеттер есесіне мақтаншақтық рия желімен шайтан фирмасындағы «ысырап» банкісіне ауып кетеді де, пайыз филиалымен өздеріне кері келіп, күнәһәрлік шеңберде шырайналумен күй кештіреді.

10 мың долларға тойхана жалдап «ол қайта арзанға түскені» деп мақтанып жатса, шетелдерден әншілер жалдап жатса, бір-бірлеріне қымбат шетел көліктерін, қымбат пәтерлер, демалып келуге саяжай, жағалауларға жолдама сыйлап жатса, сөйтіп адамдар бәсекеге түсіп жатса, байлық пен мастық, тәкәппәрлықтың белгісі емес пе?

Шын мұсылмандар, өлімге сабыр, барға қанағат,  жоққа шүкір етіп, иман байлығын бергеніне шексіз тәубә қылып, ризық беруші Алла Тағалаға мақтау рахыметін айтып естеріне алады. Ал Алладан алыстағандар аларда қуанып, төлерде жыланып күй кешетіндерін біле тұрса да банктен» несие алады. Сосын оны оңды-солды шашады, бірақ зекеттен қашады.

Бір жалғыз басты ананың екі қызы қатар тұрмысқа шығатын болады. Бейшара әйел қыздарынан сескеніп «жұрттан кеммін  бе, несіне қорқамын»  деп несие алды. Тойын жасап, қыздарын тұрмысқа берді. Күндер сырғып өтіп, несие төлейтін уақыт жетті.  Қалтасы бос жұмыссыз жан жынданып кете жаздады. Күндіз күлкі түнде ұйқыдан айырылған ана ақыры, өз-өзі дарға асумен аяқталды. Тағы бір жас бала: «Менің тойымды қымбат тойханаға жасамасаңдар асылып өлемін» деп қорқытып ата-анасын қарызға батырып қойды. Ата-анасы қиналғаны соншалық баспанасын сатып әзер құтылды. Ұлы сайран салып Алматы жақта жүр. Әке-шешесі үйсіз-күйсіз күн кешуде. «Имансыз адам  иттен төмен»  деген осы шығар.

Алматыда мынандай жағдайлар да болды: жаңа түскен келіннің билейтіні айтылды. Оған тойшы қауым қошеметпен ду қол шапалақ соғып билеп беруін өтінді. Ішіп отырды ма, әлде шапалақ әсер етті ме, бақыттан басы айналып қозып кеткен келін киімін ауыстырып келіп,  жартылай жалаңаш, кіндігі ашық, бөксесін батыс пен шығысқа лақтырып ата-енесінің алдында сатырлатып билеп берсін.

Алланың «жап» деп бұйырған жерін яғни кіндігін ашып еркектердің алдында билеу, кез-келген еркекті қоздырып жолдан тайдырады. Солайша су жаңа келін зинақорлыққа жол ашып, Алланың қаһарына ұшырап, қатты күнәһәр болып шыға келеді.

Тұрар ШАПҚАРА

wikikaz.kz сайтынан

0
2526
1