Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:17, 20 февраля 2011

Тең мүмкіндіктер!

 

Біздің Университетімізге   "Equal Access & Equal Life" атты жюбасының басшысы  Тоғжан Ибраева апай келді.Тоғжан апайдың айтуынан маған көп нәрселер ұнады, ең бастысы бұл жобаның мақсаты.Яғни кемтар адамдарды көргенде, құбыжықты көргендей болмай, кәдімгі адамды көргендей және оған өзіңмен тең дәрежеде қарау керек екендігі өте қатты ұнады.Тағы да Тоғжан апайдың айтуынан маған улкен әсер еткені ол- Америкада көптеген адамдардың итке тағатын  мойындықтарын алып, бирақ иттерін алмай көшеге шыққандары.Бұл менің ойымша өте қызық, дәл бұндай жағдайды Алматыдан көрмейсің. Жалпылай айтқанда маған ол лекция жаңа ойларды туындатты,көптеген жайттарға басқаша қарауға жол ашты десем де болады.Яғни мен шынын айту керек, кемтар адамдарды көргенде өзімді жайсыз сезініп, оларға аяушылықпен қараймын.Ал менің бұл әрекеттерім дұрыс емес екен!Оларда біз сиякты жандар, оларды өзіңмен тең дәрежеде қою керек екендігін түсіндім.

      Толық акпаратты мына жерден алуға болады: Тогжан Ибраева, equalaccess2010@gmail.com

 

0
448
0