Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:41, 11 февраля 2011

ARTA Tablet планшеттік компьютері

2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады. Осыған орай бүгін елордада Қазақстанда жасалған алғашқы планшеттің таныстырылымы өтті.

«ARTA» планшет шығаратын 4 компанияның бірі. Біз дизайнын жасап, өзіміміздің операциялық жүйемізді құрдық. Таяу үш ай аралығында өзіміздің негізгі өнімдерімізді планшетке енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның басты ерекшелігі IPad-пен бәсекелес болу емес. Өйткені IPad жеке пайдалану және көңіл көтеруге арналған болса, бұл өнім қажетті ақпарат әрқашан қолыңда болуы, яғни жұмыс үшін арналған», - дейді аталған компанияның бас директоры Болат Башеев.

Оның атап өтуінше, компания планшеттің дизайны мен сызбасын әзірлеп, Ресей мен Қытай зауыттарына тапсырыс береді. Содан кейін ғана өнімді елімізде құрастырып, оған өздерінің операциялық жүйесін енгізеді.

Отандық өнімнің тағы бір ерекшелігі веб-камера орнатылуында. Осы ерекшелігін пайдаланып, бейнеконференциялар өткізуге де мүмкіндік бар. Сондай-ақ USB-мен, SD-карта-мен, желілік карта үшін слотпен, динамикамен және Wi-Fi-мен жабдықталған.

Планшетпен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істеуге болады.

Компания 2011 жылдың наурызында аталған планшеттерді шығара бастауды жоспарлап отыр және сол жылдың екінші тоқсанынан бастап кез келген азаматтың сатып алуына болады.

0
290
4