Бәрі бірдей кемеңгер...

Ардабек Солдатбай February 10, 2011
555
2
0
0

Соңғы кездері Алматы шаһары мен еліміздің өзге де қаларының көшелерінде мынадай мәтіндегі билбордтар толып кетті: «Елбасымыз – кемеңгер, Көші түзу, кемел ел». Қалай дегенмен алда сайлау келеді...

Соңғы кездері Алматы шаһары мен еліміздің өзге де қаларының көшелерінде мынадай мәтіндегі билбордтар толып кетті: «Елбасымыз – кемеңгер, Көші түзу, кемел ел». Қалай дегенмен алда сайлау келеді. Мұндай жарнамалық билбордтардың өзіне арналғанын қаламайтын үміткер жоқ шығар. Сайлауға қатысуға тілек білдірген үміткерлердің штабтары осы тектес ұрандардың қандайын ілер еді деген сұрақ бізді өте қызықтырды. Мүмкін осылай болар деген оймен әзіл-шыны аралас бірнеше нұсқасын ойластырдық. Сіздер де ойланып көріңіздер, құрметті оқырман.

picture.jpg

Болат Әбіловке арналған билбордта

«Болат-Бутя – кемеңгер,

Қалғандары - жемеңгер»

Posol.jpg

Амантай қажы Асылбекке арналған билбордта

«Амантай қажы кемеңгер,

Байсыз қалам демеңдер»

01012201.jpg

Мұсағали Дуамбековке арналған билбордта

«Дуамбеков – кемеңгер,

Кім екенін білмейді ел»

images.jpg

Серікжан Мәмбетәлинге арналған билбордта

«Мәмбеталин – кемеңгер,

Алтыншашқа әмеңгер»

noimage.gif

Сәлім Өтенге арналған билбордта

«Сәлім Өтен – кемеңгер,

Кім еді ол демеңдер»

d90d34943f5ac3b1f8f5e754567ac6ff.jpg

Оларға жауап ретінде ілген шенеуніктердің билбордында

«Елбасымыз – кемеңгер,

Өзгелерің жемеңдер!»

Бек ДАТҰЛЫ.

Оцените пост

0

Комментарии

0
Жалынамын, соңындағы сілтемені h1-мен істемеңізші, көзді құртады. Жай ғана сілтеме де жарап кетер еді.
Показать комментарии