Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-5
10:08, 09 июня 2009

Жаңалықтар легінен

Blog post imageКембридж университеті баспаға алғаш шыққан кітаптарды интернетте жариялайды.

 

The Daily Telegraph хабарлауынша, Кембридж университеті интернетке ертедегі әдеби туындылардың көшірмесін жариялайды.

1455 жылы Иоганн Гутенбергпен басылып шығарылған Тәурат пен Гомер поэмаларының алғаш басылымын(1488 жылы) енді онлайн оқуға болады.

The Daily Telegraph айтуынша, Кембридждің кітапханалық каталогында 1501 жылға дейін жарық көрген кітаптардың электрондық нұсқалары өте аз екен. Жалпы университеттің кітап қоймасында 500 жыл бұрын басылған кітаптардың саны -  4650.

Қазір Кембриджде Эндрю Меллон( 1932 жылға дейін АҚШ және Ұлыбританияның атақты дипломаты мен американдық саясаткері) атындағы қайырымдылық фондтан кітаптарды сканерлеу және сандық жүйеден өткізу жұмыстарына 300 мың фунт (480 мың АҚШ доллар шамасында) грант жасалынған.

Кембридж кітапханашысы Анна Джарвис (Anne Jarvis)  The Daily Telegraph-қа былай деп мәлімдеді: "Біз осы өте сирек кездесетін кітаптарды электрондық мұрағатқа енгізіп, олардың барлық интернет-қолданушыларына қол жетімді болатынына қуаныштымыз".

Бұл жобаны толықтай іске асыру үшін бес жылдай уақыт қажет.

 

-5
287
1