Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:57, 08 февраля 2011

Конкурс. Блогеры отзовитесь и передайте другим...

Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.

БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

Номинациялардың жалпы саны — 8;

— Ең көп жаңаланатын блог — оқырмандарын тағатсыз күттіртпей, үнемі жаңарып отыратын блог;

— Ең көп талқыланатын блог — қоғамның көкейінде жүрген мәселені дөп басып, пікір алаңына айнала алған блог;

— Ең пайдалы тақырыптық блог — белгілі бір тақырып аясында жазбаларымен оқырмандардың көңілінен шығып жүрген блог;

— Ең үздік ақпараттық блог — оқырмандардың үздіксіз ақпаратқа деген қажеттілігін өтеп жүрген блог;

— Ең үздік ақпараттық-технологиялық блог — технология әлемінің соңғы жаңалықтарымен оқырмандарды әрдайым құлағдар етіп отыратын блог;

— Ең үздік саяси-әлеуметтік блог — саяси-әлеуметтік мәселелерді жіті қадағалап, көпке іркілмей ойын жеткізіп отыратын блог;

— Ең сауатты блог — қазақ тілінде сауатты жазып, блогосферада өзіндік айшықпен ерекшеленіп үлгерген блог;

Жазбаларымызға жалықпай үнемі пікір жазып, көтерілген мәселеге бей-жай қарамайтын комментшілеріміз жайында қалай ұмытуға болады? Сол себепті бір номинацияны ЕҢ ҮЗДІК КОММЕНТШІ-ге арнауды жөн көріп отырмыз.

ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Бұл байқаудағы өте маңызды кезең екенін бәріңіз де білесіздер. Жеңімпаздарды блогкэмпке қатысушылардың өздері мен демеушілер анықтайды.

Қалайша?

Жалпы БАЙҚАУ ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

1) Байқауға ұсынылатын блогтарды тіркеу кезеңі (ақпанның 8-сі мен наурыздың 7-сі аралығында);

2) Үміткерлермен танысу кезеңі (наурыздың 18-іне дейін);

3) Дауыс беру, қорытынды (наурыздың 19-20 күндері);

Енді түсінікті болу үшін осы кезеңдердің әрқайсысына қысқаша тоқтала кетейік.

Байқауға қатысатын блогтар белгілі болғасын олардың тізімі дабай.кз сайтында жарияланады. Осылайша әрбір қатысушы олар жайында мағлұмат алып, таныса алады.

Блогкэмп кезінде әрбір қатысушы арнайы сауалнамаға жауап беріп, дауыс береді. Қатысушылардың дауыс қорытындысын ескере отырып, соңғы шешімді демеушінің өзі шығарады.

Бұдан бөлек, байқауға қатысуға ниет танытқан блогшылардың көмегімен ЕҢ ҮЗДІК КОММЕНТШІ-лердің тізімі жасалады. Байқаудың екінші кезеңінде блогтар тізімімен қатар «ең үздік комментшілерімізбен» де танысу мүмкіндігіне ие боламыз. Сөйтіп, блогкэмп кезінде өзіміздің сүйікті комментшілеріміз үшін дауыс береміз!

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Әрбір номинация бойынша сыйлықты демеушінің өзі тағайындайды.

Байқау туралы толық мәлімет алдыңдар ғой деп ойлаймын. Егер қандай да сұрақтарыңыз болса мына поштаға жазыңдар: maqpal@dabai.kz Тезірек жауап беруге тырысамыз.

Барлықтарыңды байқауға белсенді қатысып, белсенді дауыс беруге шақырамыз!!! Олай болса, іске сәт!!!

Ескерту: Байқаудың шартын орындамаған бірде-бір блогшы байқауға қатыса алмайды, автоматты түрде түсіп қалады. Сонымен қатар соңғы алты айда жаңаланбаған блогтар да іріктеуден өте алмайды.

Байқау мәтінін және анкетасын дайындаған: Мақпал Қожақанова

Ақпарат: http://www.dabai.kz/blog/blogcampkz/466.html

0
310
0