Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:25, 08 февраля 2011

Өмірден озды бір бұлбұл

Blog post image

Blog post image

1967 жылы КСРО халық әртісі атанған Роза Бағланова дүние салды.
Роза Тәжібайқызы  Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.
1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде  жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.
1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.
Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).
Роза Тәжібайқызы Совет заманындағы сазгерлерінің, бұрынғы Совет Одағына қараған республика елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін де үздік орындады.
Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарларда болды.
Ленин орденімен, т.б. медальдармен марапатталған.
Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.
Ән әлемінің бұлбұлына арнап кезінде  сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев кесек туындылар жазған.
1996 жылы Роза апамызға Халық қаһарманы атағы берілді.

0
633
3