Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:32, 07 февраля 2011

Челси — Ливерпуль ойнына фоторепортаж (09.02.11)

Бұл мақаланың орысшасын мына сілтемеден таба аласыз.

Қатал сынамауыңызды сұраймын - фоторепортажды бірінші рет істеп тұрмын.

Англияның стадионында да бірінші рет болып тұрмын. Көп нәрсесі ұнады - адамдардың ойынға деген көзқарасы, атмосфера, стадиондағы мәдениет. Қазақстанда да жақын болашақта дәл осылай қиналмастан рахатпен футбол ойнына барып қайтуға болады деп үміттенемін. Және де Азиада бұған алғашқы қадам болғай. Жалпы матч туралы айтсақ:

Әдетте Лондонда әрбір матч метрода басталады - жанкүйерлер бірге жүріп, өлеңдер айтады:

Blog post image

Барлығы да стадионға бара жатыр:

Blog post image

Осындай футболка  бұл күні кеңінен таралған болды :) :

Blog post image

Футбол матчтарына мұнда әкелер балаларымен барады:

Blog post image

Әжелер де барады:

Blog post image

Балтақпен жүрген жанкүйерлер де барады!:

Blog post image

Әйгілі Стэмфорд Бридж:

Blog post image

Адамдар өте көп, бірақ сығылыс мүлде жоқ!

Кірерде штрих-коды бар билет автоматтан өткізіліп, сан осындай турникеттен өтесің, сондықтан билетсіз стадионға кіру мүмкін емес деуге болады, күзетші таныс адам болса да :)  :

Blog post image

Бұл стадионның ішінде! Өзіндік көк түс басым және керек заттың бәрі бар :

Blog post image

Стадионға кірген кездегі көрініс (бірінше сәтте таң қалғаннан "Еееее" деп қадалып тұрып қаласың) :

Blog post image

Атмосфера сөзбен жеткізуге келмейді - өлеңдер, айқай, қуаныш - барлығына бұл күн той!

Челси формасы - жанкүйердің міндетті атрибуты (қыздардың да) :

Blog post image

Түгел стадион матч бойы өлең айтып жатыр, әсіресе біздің жақтағы Челси жанкүйерлері. Әндерінің арасынан "Torres, Torres" и "Chelsea's number 9, Chelsea's number 9" деген сөздерді естуге болатын еді.

Командалардың қол алысуы:

Blog post image

Матч:

Blog post image

Жалпы жанкүйерлер әрбір ойыншының әдемі немесе сәтсіз қимылына дереу жауап беріп тұратыны ұнады, мысалы, қақпашы доп қайтарса, қорғаушы шабуылдаушыдан доп тартып алса не шабуылдаушы қақпаны көздесе жанкүйерлердін қол соғуы міндетті түрде болды, алаң иелерінің қақпасынана бағытталған соққы қиыс кетсе түгел стадион бірдей еркін демін шығарғанын естуге болады. Ал Торрес доп алса Ливерпуль жақ гуілдей бастайды.

Макси Родригестің қақпа маңдайшасына тигізу сәтін түсіріп алдық:

Торресты алмастыру кезінде Ливерпул жанкүйерлері "You should have stayed at a big club" деп өлең айтты дейді, Торрестің көңіл күйі түсіп кеткен шығар.

Кейін Ливерпуль гол соқты (видеоны біз түсірмедік) :

Голдан кейін бір жанкүйер алаңға жүгіріп шығып қонақтар секторына жүгірді:

Челси жанкүйерлері соңына шейін "Come on, Chelsea!" сөздерімен қолдап отырды, бірақ соңына шейін отырмай кетіп жатқандар да болды. Матч шыныменен да көп қауіпті сәттермен қуанта алмады, және бірінші голға шейін жүріп жатқаны көрініп тұрған еді.

Ойын біткен соң Ливерпуль жанкүйерлері өлеңдер айтып, стадионнан кеткен соңғы адамдар болды. Айтпақшы, суреттен көрініп тұрағандай, оларды жан-жағынан жасыл және қызғылт сары киген күзетшілер қорғап тұрғаны (немесе керісінше шығармай ұстап тұрғаны) көрініп тұр:

Blog post image

Стадионнан шығарда Челсиден Саломон Калуды және Ливерпульдан Поульсен, Суаресты көре алдық, бірақ өкінішке орай қолтаңбасын алатын мұрша болған жоқ :(.

Әлі де көп ойын болатынын түсінетін жанкүйерлердің ұтылысқа қатты көңілдері түскен жоқ. Және де қос командалардың да жұлдызды жаңа ойыншылары әлі барлық өнерлерін көрсетеді.

Ал мен осындааай ойынды көргеніме, нағыз футбол ойын қалай жүретінін көргеніме қуаныштымын және  бізде де осындай жақын болашақта болады деп үміттенемін.

Қош болыңыздар! Спортпен айналысып, сау жүріңіздер!

UPD: Билет құны 80 фунт стерлинг.

0