Жүрегіңізді 80 мың долларға сатасыз

Дүниеде сатылмайтын ештеме жоқ. Адам ағзасын мүшелеп сату да сауданың бір түріне айналғалы қашан. Соңғы жылдары бұл сауда қарқындап өсуде. Бәрі сатылады – бүйрек, бауыр, шауқат, тұқым жасушасы...

Дүниеде сатылмайтын ештеме жоқ. Адам ағзасын мүшелеп сату да сауданың бір түріне айналғалы қашан. Соңғы жылдары бұл сауда қарқындап өсуде. Бәрі сатылады – бүйрек, бауыр, шауқат, тұқым жасушасы, жұлын, шаш, көз т.б. Бұрын бірін бірі пісіріп жейтін жабайы тайпалар өркениетке жеткен кезде осылай мүшелерін саудалайтын болған. Ашкөз адам...

Адам ағзасының бөлшектеліп қызу саудалануы кедейшілікпен тікелей байланысты. Трансплантацияға әлемнің көптеген елдерінде тиым салынған. Алыпсатарлар заңмен қудаланады, түрмеге тоғытылады. Алайда, мол кіріс көзіне айналған кәсіп құлашын жая түсуде. Қазір Интернетте дене мүшелерін сататындары туралы хабарландыру толып тұр. Он екі мүшесі сау адамдар өз өзектерін жұлып береді.

Мәселен, адамның бүйрегін қазір жасы мен жағдайына қарай 20-100 мың долларға саудалайды. Жүректі, иә кәдімгі болмысымыздың билеушісі – жүректі 80 мың долларға сатады. Бауырдың бөлшегі 50 мың доллар, жұлын 30 мың доллар, осылай кете береді. Суррогат ана болу жасына қарай 30 мың долларға дейін пайда әкеледі.

Organ_cost%20kz.jpg

«Қара трансплантологтарды» ұстау күннен күнге қиындап барады. Күнкөрісі төмендеген көп адам мүшелерін сатуға бел буады. Дегенмен, құқық қорғаушылар Интернеттегі жарнаманың көпшілігі жалған екенін айтады. Яғни, жарнама беруші аңқау клиентті іздеп тапқан кезде одан болашақ сататын мүшесі үшін ақшаның белгілі бір бөлігін алады да табанын жалтыратады.

Дегенмен, дене мүшесін шынымен сатқан донордың айтуынша, ағзасын бөлшектеп саудалауды ойлап жүргендер көп. Бірақ оларды үрей жібермейді. Оның үстіне белгілі бір мүшені алып тастаған соң көп нәрседен тиылу керек. Мысалы, спиртті ішімдік ішуге, шылым шегуге, ет жеуге, тұзды, қышқыл, ащы, майлы тағамдар жеуге болмайды. Дәрігерлердің айтуынша, дене мүшесін сатқан адам бұрынғы дағдымен өмір сүре алмайды. Мәселен, бір бүйрегін алдырған адам кез келген инфекциядан сақ болуы керек. Ауыр жұмыс істеуге болмайды. Тұз зиян. Ал егер бауырын бөлшектеген болса бірден қатал диетаға отырады. Егер жұлынның бөлшегін берген болса кез келген жарақаттың жазылуы қиын әрі қан көп кетеді.

Әрине, адамның мүшесін ауыстырып салу жайлы еш дау толастамайды. Бұл мәңгілік дауға айналады. Өйткені, сүйікті адамы үшін жүрегін беруге әзір адам бар. Мәселе тек, оның саудаға түсіп, ашкөз біреулерге миллиондап табыс әкеліп жатқанында.

Ал, бір адам жетпіс бес адамға донор бола алады.

Ардабек СОЛДАТБАЙ.

Оцените пост

0
Дальше