Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:12, 05 февраля 2011

Жастар жүлде салған күн

Blog post image

Кеше Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 5 бірдей алтын жеңіп алды.  Шаңғымен К-95 тұғырынан секіруде қазақстандық  жас талант Евгений Левкин Олимпиада чемпионын шаң қаптырып, Азиада алтынына қол созды. 18 жасар алматылық бас бапкер Қайрат Биекеновтың жабу астында ұстап жүрген жүйрігі екен.

Тау шаңғысынан Людмила Федотова көптен күткен алтынды олжалады. Күміс Жапонияға аттанса, қола  тағы бір жерлесіміз Ксения  Строилованың еншісінде.

 

Астанадағы «Алау» мұз айдынында еліміздің әнұраны тұңғыш рет шырқалды. 1500 метрге конькимен жүгіруде Денис Кузин Азиада чемпионы атанып қана қоймай, сары құрлық рекордының қаймағын бұзды. 2007 жылғы Чанчундегі Азия ойындарында корей спортшысы Джун Мунның рекордына түзету енгізген Кузиннің көрсеткіші – 1:47.37

Биатлоннан 15 шақырымға жекелей жарысуда Елена Хрусталеваның аты озды. Ванкувер Олимпиадасы күміс жүлдегерінің ізін ала Сузуки Фуюко келсе, тұғырдың үшінші сатысына  қазақстандық Марина Лебедева орналасқан.

Мәнерлеп сырғанаудан 17 жасар қазақстандық Денис Тен Азиада  чемпионы атанып, Елордада ел әнұраны екі рет шырқалды. Жапониялық және қытайлық қарсыластарын қапыда қалдырған Теннің өнеріне барша жанкүйер тәнті болды. Еркін бағдарлама орындау барысында Денистің қателікке бой алдырып, құлап қалғаны көрерменді алаңдатқан еді. Алайда, қысқа бағдарламада жинаған ұпайы қазақстандық жас спортшының  жеңімпаз атануына жеткілікті болып шықты.

 

denisten11.jpg

denisten112.jpg

 

Денис Тен, Азиада чемпионы:

«Менің қарсыластарым өте мықты. Оларды айналып өткеніме өте қуаныштымын. Артта мен үшін қиындығы мол болған маусым қалды. Өз елімде, өз жанкүйерлерімнің алдында жеңісті қолдан бермеуге тырыстым. Қазір бар болғаны 17 жастамын, болашақта бұдан да биік нәтиежелер көрсету үшін тынбай жаттығу үстіндемін. Еркін бағдарламада қате жібергенім рас. Енді сол кемшіліктерді жөндеуге кірісемін»

Абзал Рақымғалиев:

Қысқа бағдарламада азғантай ұпай жинап, жүлдеге ілікпейтінімді білген соң, еркін бағдарламаны көрермендер үшін орындап шықтым. Ешқандай қобалжу болған жоқ, тек өзім және жанкүйер үшін бар өнерімді салдым. Менің ендігі жоспарым Сочи Олимпиадасында өнер көрсетіп, үздік ондыққа, жоқ, тіпті үздік алтылықтың қатарына ену. Бұйырса, осы арманды жүзеге асырамын.

0
283
1