Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:36, 04 февраля 2011

Хан Хикаяты. Серия №3.

ҚазРэпте болып жатқан келеңсіздіктер....

Қорықпаңыздар, бұлар бір сағымызды сындыратындай келеңсіздітер емес... жәй күлкілі келеңсіздіктер... Мен байқап жүрмін, қазір көп майда-шүйде виртуалды, интернет, мини «алғашқы, бірінші лэйблдер мен баттлдар» пайда болыпты... мен өз басым бұлардың көбеюіне қарсы емеспін... жай ғана әр нәрсені өз атымен атауды сұранамын... олар өздерін қалай атаса да халық соқыр емес... Баршаға мәлім, алғашқы Лэйбл де, алғашқы Баттл да, алғашқы Альбом да, алғашқы Қазақша рэп жинақтар да «ASH ҚaZaҚ Pro» лэйблінің қанжығасында...
ҚазРэп надандарға толы... «Лэйбл» деген сөзі әдемі және сәнді сөз болғандықтан болар, өздерін осылай «Лэйбл» деп атауға құмар... яғни олар бұл сөздің мән мағынасын жете түсінбейді... міне осындай адамадарға «Лэйбл» сөзін түсіндірейін...
«Лэйбл» - бұл белгілі бір өнім (продукция) шығаратын мекеме...
Лэйблдің екі түрі бар:
1.Ресми Лэйбл – бұл Мемлкеттік деңгейде тіркелген, тұрақты салық төлейтін Заңды тұлға... Толыққанды Продюсерлік Орталық, түрлі шаралар(баттл, фестиваль, концерт т.б.) жасап, тұрақты өнім шығаратын мекеме... ¬Өнімді тек дүкен сөрелеріне шығарып қана қоймай, промоушн мақсатында интернет микстейптерді, интернет альбомдарды да шығарады...
2.Интернет Лэйбл – бұл да түрлі шаралар жасап, өнім шығаратын виртуалды мекеме... Бірақ біздің ҚазРэпте осы аталған «Интернет Лэйбл» атауына да сай келмейтін «лэйблсымақтар» бар... «Лэйбл» атауына ие болу үшін кем дегенде бір микстейп шығару керек...

Қазақстанда қазіргі таңда біреу-ақ Ресми Лэйбл бар, ол «ASH ҚaZaҚ Pro», қалғандары интернет-группировкалар немесе топтар.... Халайық, әр нәрсені өз атымен атайық!

Біздің Лэйбл жаңалықтары...

Сіздерідің де біздердің де қуанышымызға орай лэйблде жақсы жаңалық көп... Солармен қазір сіздермен бөлісеміз...

Ертерек хабарлағанымыздай, IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлының қолдаушыларының қатарына жаңа қолдаушы қосылды... Ол Қазақстанның ең ірі Бейне-Аудио дистрибюторы «ACDrecords» компаниясы... яғни баттл ақталғанда «ASH ҚaZaҚ Pro» Лэйблы және «ACDrecords» компаниясы баттлда көзге көрінген қатысушыларды бірлесе іріктеп, құрама жинақ шығарады! Бұл Қазақстан Тарихында болмаған дүбірлі оқиға! Мұндай нәрсені Қазақстандағы орыс тілді баттл ұйымдастырушылары тіптен армандамағанда! Сондықтан достар, біздің еңбегімізді бағалаңыздар, біз тек өзіміз үшін емес, сіздер үшін, Қазақ рэпі үшін тер төгіп жатырмыз... Біз болашақ үшін жұмыс жасап жатырмыз... Қазақ рэпін нөлден көтеріп, оны жалпы халықтық еттік... Бұрындары қазақша рэпті тыңдағанды көріп таң қалатын болса, қазір бұл қарапайым нәрсе болды... Яғни халық арасындағы «қазақша рэпті тек мәмбеттер оқиды» деген теріс түсінікті түп-тұқиянымен жойдық...

 

Құрметпен, ШYNGYS.
Қазақ
Рэпінің Ханы.
3 желтоксан
, 2009 жыл.
Алматы қаласы.



0
556
0