Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 03 февраля 2011

Жұма күні

Әус ибн Әус (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Шынында апта ішіндегі ең қайырлы (яғни, сауапты) күндерің жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар (яғни, мен үшін Аллаһқа дұға жасаңдар). Өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы түрде (періштелер тарапынан) жеткізіледі” – дегенде, сахабалар: “Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа араласқаннан кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?” – деп сұрады. Сонда Ол (с.ғ.с.): “Расында Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды (яғни, жер әсте олардың денесін шіріте алмайды)” – деп айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

0
282
0