Қазақстан спортшылары әлі де алда

Ардабек Солдатбай 2011 M02 2
2794
0
1
0

Қазақстандық спортшылар коньки, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарытып жүлде алмағанымен, шаңғыға қатысы бар ойындардан көптеп медаль олжалауда. Түске дейін ұлттық құрама қоржыны тағы да үш...

Қазақстандық спортшылар коньки, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарытып жүлде алмағанымен, шаңғыға қатысы бар ойындардан көптеп медаль олжалауда. Түске дейін ұлттық құрама қоржыны тағы да үш алтынмен толықты.

Mihail%20Sorokin.jpg

Шаңғымен бағдарлау спортындағы бар алтын біздікі  деп басшылық бекер айтпапты. Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 7-і Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары атанды. Бүгін олар орташа қашықтықта топ жарған еді.

 

Шаңғымен спорттық бағдарлау, әйелдер

І. Ольга Новикова (Қазақстан)

ІІ. Евгения Кузьмина (Қазақстан)

ІІІ. Лю Сиатинг (Қытай)

 

Шаңғымен спорттық бағдарлау, ерлер

І. Михаил Сорокин (Қазақстан)

ІІ.Виталий Лиличенко (Қазақстан)

ІІІ. Беейжан Кангорлы (Иран)

IMG_7746.jpg

Биатлоннан Андрей Червякин  қос алтынның иегері!  Ол 12,5 шақырымға із кесу арқылы сайысқан спортшылар ішінен 35.42,8 уақыт көрсеткішінде мәреге жеткен болатын. Қазақ биатлоншысы Диас Кенешов бүгінгі бәсекені 6-ы орынмен аяқтады.

 

Биатлон, ерлер, із кесу

І. Андрей Червякин (Қазақстан)

ІІ. Ж. Нагай (Жапония

ІІІ.  Рен Лонг (Қытай)

%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%B5%D1%80%D1%

К-125 тұғырынан секірудегі командалық жарыста Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар күміс жүлдемен қанжығасын майлады. Сары құрлықта спорттың бұл түрінен жапондар жүлде бермейтіні белгілі еді. Олар командалық сында топ жарса, Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларынан 43 ұпай кем жинады. Қайрат Биекенов жаттықтыратын біздің «ұшқыштар» арасында жас талант Евгений Левкиннің  өнеріне тәнті болмаған жан жоқ. 18 жастағы спортшының  бүгінгі бағындырған биігі болашақта талай топ жаратынынан хабардар етті жанкүйерді. Радик Жапаров, Николай Карпенко және Алексей Королевтар жоспарды орындады деуге негіз бар.

 

Шаңғымен К-125 тұғырынан секіру, командалық сын:

І. Жапония

ІІ. Қазақстан

ІІІ. Корея

01.jpg

Маса-ақпарат

Оцените пост

1
Дальше