Қазақша КВН өркендеуде!

a_bahyt 2011 M02 1
1229
0
0
0

Қазақша КВН аяқ басып, шарықтап келе жатқанына әжептәуір уақыт болып қалды. Жылдан-жылға өркендеп, қоғамда биік орынға ие болып келе жатыр. Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша жалпы сексеннен астам...

Қазақша КВН аяқ басып, шарықтап келе жатқанына әжептәуір уақыт болып қалды. Жылдан-жылға өркендеп, қоғамда биік орынға ие болып келе жатыр.

Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша жалпы сексеннен астам командалар бар. Әр команда бір-бірлерінен өзіндік ерекшеліктерімен бөлінеді. Біздің облысымызда Қазақша КВН-ның өткізілу әдістері де жандана түсуде десек те болады. Оған дәлел осыдан екі жыл бұрын тамыз айында екінші мәрте «Жасыбай толқынында» фестиваль өткізілген болатын. Аталмыш фестиваль республикалық деңгейде өткізілді. «Жасыбай толқыны 2009» фестивалінде Қазақстанның бес облысынан командалар бас қосты. Бас жүлдені Тараз қаласынан келген «Тараз 2000» командасы ұтып алды. Сонымен қатар ойында тағы да астаналықтар мен Батыс Қазақстаннан ақтөбеліктер бақтарын сынаған болатын. Ал біздің павлодарлықтар өздерінің қонақжайлылықтарымен ерекшеленді. Ойынды Қазақша КВН Одағының директоры Есен Елеукеннің өзі жүргізген болатын.

Қазақ командалары жылдан-жылға тәжірибелерін жинақтап, көрермен қауымды дүр сілкіндірерлік жағдайға жетіп келе жатыр. Осындай игі шараларымыз әрі қарай жалғасын таба берсін демекпін.

Оцените пост

0