• 67011
  • 47
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ қалай жалқау атанды?

Тәубе, тәуелсіздік алдық. Жалқаулықтан құтылып, жайлы тірлік кешетін орай келді. Осы ретте, мемлекет құрушысы қазақ ұлтының өкілдері дарынымен, іскерлік-икемділігімен танылуы керек еді. Жағдай басқаша болып тұр. Қала мен далада жұмыссыз қазақ жетерлік. Әрине, байлыққа белшесінен батып жүргендер жоқ дей алмаймыз. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әлемдегі байлардың қатарын толықтырған қазақстандықтардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны шындық. Ал, қазақ неге жұмыссыз? Осы сауал төңірегінде талай білікті жандармен пікір бөлістім. Олардың айтқан уәждерін тізіп берудің қажеті жоқ шығар, бәрі «қазақ жалқау, сондықтан жұмыссыз» дегеннен арыға бармайды.

Қазақ жалқау ма? Мен бұл пікірге келіспеймін. Басқасын айтпағанның өзінде қазақтың қолынан іс келмейтін болса, Римді жаулап, кешегі Тәж-Махалды, бүгінгі Астананы салмас еді. «Алма піс, аузыма түс» деп отыра беретін берекесіз болса, осыншама ұлан-ғайыр өлкеге иелік ете алмас еді. Басқалардың айдауына көніп, барына қанағат ететін бейғам болса, қытайға қорған соқтырып, іргесі сөгілмейтіндей болған империяны тас-талқан етіп (16-желтоқсанды айтам), тәуелсіздік ала алмас еді. Тексіз болса Төле, Қазыбек, Әйтекені тудырмас еді. Көркемдікке құштар болмаса, әжелер Қызжібек пен Төлегеннің жырын  немересіне жаттатпас еді.

Қысқасы, бұдан шығатын қорытынды  – қазақ ешқашан жалқау болмаған. Оны қор қылған – бейбітшілік сүйгіш бейқам елге жасалған байлыққа құныққан безбүйректіктің барымтасы мен сайқал саясаттың кесірі. Жүрегін алып, жұлынына дейін жеткен қорқыныштың кесапаты. Қазақ әлі де сол қорқыныштан айыға алмай келеді.

Ойымызды өрбітпес бұрын жалқаулықтың қазақ даласына қалай енгендігін зерделеп алайық. Жалқаулық қазаққа жоңғарды жоюумен бірге қона бастады. Жоңғар 1630 – 1760 жылдары аралығында өмір сүрген моңғол ақсүйектерінің шығыс Түркістанда құрған феодалдық мемлекеті. Оны мемлекет ретінде қарастырғаннан гөрі қытай мен орыстың орта Азияны жаулау мақсатында көтеріп шыққан қолшоқпарлары деген орынды. Міне, осы жоңғар басқыншылары 1640 жылдары қазақ даласына басып кірді. Осыдан бастап 100 жылға созылған қазақ-жоңғар қақтығысы басталды. Атақонысы өзіне бұйырмаған қазақ ұландары Қаратауды паналап жан сақтаса да, айналып келіп орыстың отқаруымен қаруланып,  қытайдың азық-түлігімен қамтамасыз етілген жоңғарды жермен жексен етті. Бұл қазақ даласына сілекейі шұбырып отырғандардың төбесіне жай түсірді. Керісінше,  қаншама қарашаңырақтың оты өшсе де, қазақ ұландары білекке келсе, мыңды жығатынын дәлелдеді. Бірақ осыдан кейін соғыстан қалжыраған халықты жалқау қылу саясаты басталды. Мүмкін болса, жігерін жаншуды қарастырды.

Бұл туралы жасалған талай жобаларды көзімізбен көрмесек те, сол елдердің шаң басқан архивтерінде жатқаны анық.   Саудагер етіп, жансыздарын жіберді. Алыс-жақын шет елдерге қазақ баласын аттап бастырмады. Келісіліп істелген дипломатиялық қатынастар тек қана саясат жүзінде орындалып жатты да, шаруашылық пен техника жағына қатаң тыйым салынды. Мұның өзі отаршыл елдердің ұзақты көздеген саясаты екеніне бүгін көз жеткізіп отырмыз. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бір ғана мысал айта кетейік, қытайлықтармен сауда жасасқан Қабанбай батырдың адамдары тек қана жылқы өткізіп, жібек, шәй өнімдерін сатып алумен шектелген. Оны өндірудің техникасын үйренуге жол қойылмаған. Орыстар да осы тәсілді қолданғаны анық. Жоңғарға қару берген орыс пен жыл сайын өндіріс техникасын меңгерген мамандарын жоңғар жеріне жіберіп отырған қытайдың қазақтарға келгенде тарыла қалуы қазақ баласын ғылымнан жұрдай етіп, жалқаулыққа баулу емей не? Ол тұста екі империяның қыспағында қалған бабаларымыздың басқа жол табуы да мүмкін емес еді. Бұл қазақтың кінәсі емес, опасыз империялық жүйенің қылмысы.

Сондай-ақ, тарихи дерек көздеріне сүйенсек, Кенесары көтерілісінен Амангелді көтерілісіне дейін 3 мыңға жуық Ұлт азаттық күресі болған. Бұл қазақтың тентектігін білдірмейді, қайта, ел мен жер үшін қалжырап жүрген бабалардың өнер мен ғылымға мән беретін уақыты болмағанын аңғартады. Соның салдары халқымызды «Барға қанағат, жоққа салауат ететін» бойкүйездікке тіреді. Бұл – бірінші себеп.

Бірақ қазақ бәрінен айырылса да, ақыл-парасатынан, ұлағатты ұландарынан ажырап қалған жоқ. Соның нәтижесінде, Ыбырай, Абай бастаған алғабасар перзенттері мен Алаш зиялыларын тудырды. Кезінде хакім Абай халқын мәдениетке шақырып, орысша үйреніп көкірегін оятса деп армандады. Онысы орысты ұлағатты дегендік емес, «Уды умен қайтару» қағидасына саяды. Тіпті, «Есектің артын жусаң да мал тап» деп тым болмаса, қалтасын қалыңдатса, жан-жағына барлап қарап, бағасын асырар деп үміттенді. Әрине, ол тұста ұлтты ұйытатын идеология болмағандықтан, Абай ақылиясын ағайынның терең түсіне алмағаны анық еді. Ал, осы Абай рухани арқау еткен Алаш орданың ақырғы тағдырын қазіргі ұрпақ анық біледі. Олар болымысты нақтылап, не істеу керектігін жұртқа түсіндіре алғанымен тағы да сайқал саясаттың құрбаны болып кете берді.

Дерек көздеріне сүйенсек, патша үкіметінің 1989 жылғы санағында қазақтың саны 4 миллион 300 мың адам деп көрсетілсе, 1916 жылы Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш ордашылар қазақтың санын 6 миллионға тұрақтастырған (көп те болуы мүмкін). Бұл әлемдік аренада тәуелсіз ел болуға, тым болмағанда автономия құруға негіз болады деген сөз. Әлихан Бөкейхановтың күн көсеммен(Ленин) жолығып, автономия құруды талап етуіне осы сан себеп болғаны анық. Өйткені, сол тұста саны мен салмақты идеологиясы жағынан да қазақ тәуелсіз елдің тізгінін ұстай алатын еді. Тағы бір жағынан, бұл сан Мұстафа Шоқайдың Түркістан қырғыздарының автономиясын құруына негіз қалады. Ағайынды қырғыз бен өз ағамыз, алашапанды өзбекті біріктірсе, Орталық Азияда тағы бір исламдық мемлекеттің іргесін қалауға мүмкіндік бар болатын.  Бірақ, бұл стратегия  қазақты жоюдың тактикасын күн тәртібіне шығарды. Мұны қазір Голошекиннің «Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген кербақпа байламына теліп жүрміз. Анықтап қарайтын болсақ, бұл қанішер Голошекиннің емес, Кремльдің саясаты екен-ау! Сол саясаттың салдарынан ақсөңке болған қазақ ауылдарын санап бере алмасақ та, 1939 жылға келгенде  қазақтың саны 2 миллион 800 мың адам болып жазылғанын анық білеміз. Ал, дүниежүзілік екінші соғыстан кейін бір жарым миллион болып қалыппыз.

Дарвин: «Тіршілік бір клеткалыдан, көп клеткалыға қарай дамиды», –  десе, Маркс: «Сан үздіксіз өсе түседі де, сапа өзгерісіне әкеледі», – деп дәлелдейді, математика, физика, химия, биология, экономика, қайсыбір ғылымды айтсаңыз да, бәрі үздіксіз арту мен көбеюдің үстінде құрылады. Ал, қазақ баласы осы заңдылықтардың біріне де бағынбайтын сыңайлы. Бас-аяғы 40 жылда адам саны өсудің үстіне төрт есеге кеміген.

Десе де, Хрущев пен Брежневтің дәуірінде қазақтың көзі біраз болса да ашылды. Мұны Кеңес саясатының жылымығынан деуге болмайды. Қазақтың бағына Дінмұхаммед Қонаевтың билікке келгендігінен. Басқасын айтпағанның өзінде, қойдың басын 50 миллионға жеткізем деген Қонаевтың бастамасы қазақ баласын техниканың басына апаруға жол ашты. Былайша айтқанда, Қонаев мұны қазақты қойшы жасайын деп немесе қойдың санын молайтып, Мәскеудегілерге құйрық майын сорғызайын деп жасаған жоқ. Біріншіден, бөлшектеніп кеткелі тұрған қазақ жерінің бірлігін сақтап қалды. Әрине, қойдың басы 50 миллион болу үшін оны бағатын жер болуы керек қой. Оңтүстік өзбекке, солтүстік үлкен көршіге кетсе, қазақ малды қайда жаяды. Мәскеуді осылай иландырған ұлы тұлға жеріміздің бүтіндігін бекемдесе, енді бір жағынан, қазақтың әлеуметтік жағдайын жақсартып алды. Малшы ауылға жол барды, мектеп салынды, Мәдениет үйлері бой көтерді, инфрақұрылым жаңарды. Қаладағы өмірді далаға орнатуға тұра келді. Санымыз да кәдімгідей өсіп қалды. Даланың қазағы техниканың тілін меңгере бастады. Ғылым мен білім саласында қанша дарын өсіп шықты. Қонаев міне, осылай отыз жылда қазақтың үш ғасыр бойы жіберген есесін түгендегенімен, бұл бұлқыныс қазақты жалқау деп қарайтын идеяны өзгертіп кете алмады. Тағы да сол көзтүрткі мен кемсітудің салқынын сезіп, іштей тынып жүре бердік.

Әрине, осыдан жиырма жылдың алдында «Біз қаладан келдік», – деп мақтанатын қазақтың саны санаулы ғана болатын. Қызығына қараңыз, осыдан жеті-сегіз жылдың алдында Алматыға қонаққа барған бір әжеміз: «Мен, Алматы толған орыс па десем, қазақтар екен ғой», – деп таң-тамаша болыпты. Әрине, таңданатын жөні бар. Қазақты жалқау жасаған екінші себеп міне, осы. Былайша айтқанда, өз басының амандығына өзі иелік ете алмағандығы.

Жоғарыда қазақты жалқаулыққа баулыған тарихи себеп-салдарға хал-қадірімше тоқталып өттім. Жарайды ол тарихтың еншісінде қалды делік. Десе де, тарихтың қайталанатынын ескерсек, біз өзімізді өгейсіткен зорлықты емес, кердаланың төсінде дүбірлетіп жүрген күндерімізді қайта оралту үшін ойланатын кез жетті. ¤ткен ата-бабаларымыздың ерлігіне мақтануға тиіспіз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары азын-аулақ тиын-тебенімен жалғыз сөмкесін арқалап  Алматыға келген қазақтың жігіті бүгін банкир болып жайлы орындықта отыр. Хан сарайындай үй тұрғызып, алыс-жақын шет елдерде үлкен шаруа тындырып жүрген қаракөз қандасымыз қаншама!  Олар біреуді барымталаған жоқ, банк тонаған жоқ. ¤з еңбегімен жол тапқан жандар. Қысқасы, қазақ жалқау емес. Әлемдегі ең төзімді әрі жағдайға бейімделгіш алғыр халық. Әрине бір кезде: «Сауданың ығын еврей мен өзбек біледі», «Көкөністі кәрістен артық ешкім өндіре алмайды», –деп имандай сеніп келгенбіз. Қазірше, Қытайдың бір газетінде: «Қазақтың саудагер азаматтары экономиканың қыры мен сырын меңгеріп алды. Енді біраз жылда, былайша айтқанда, 2030-жылы олар аяқ киімін алтыннан киетін болады», – деп жазғанындай, бизнесте әлемді таңғалдырғанымыз анық. Көкөністің  түр-түрін қазақ та өсіре алатынын сөрелерден-ақ көре аласың. Десе де, бүгінгі қазақ қоғамындағы жұмыссыздық мәселесіне көз жұма қараудан аулақпыз. Оған қазақтың жалқаулығы себеп болып тұрған жоқ. Қазақстан уран мен мұнайға бай ел бола тұра соның тізгінін шет елдіктер ұстап отыр. «Жат жарылқамайды», –  деп тегін айтылмаған. Олар қазақты жарылқайын деп отырған жоқ. Мүмкіндігінше қаракөздерімізді жұмыстан шеттетіп, өз мақсатын орындауға тырысуда. Оның сыртында, қазақты орысқа оңтайлы, қытайға жұмсақ, Еуропаға қолайлы жасағысы келетін саясаткерлер биліктің де, кәсіпкерлердің арасынан да табылады. Олар өз саясатын «Қазақ жалқау» деген желеумен жүргізіп келеді. Егер сауда заңдылығына сүйенсек, «Жүз адамның оны аларман, тоқсаны сатушы». Америкада да, Африка елінде де, тіпті, әлемнің барлық жерінде де солай. Сонда біз тоқсан адамды напақасынан айырып, он адамның мүддесін қорғап отырмыз деген сөз. Әлемдік сауда ұйымына кіруге дайын емеспіз деп даурығып жүргендер,  кедендік одақтың пайдасы мен зиянын енді сезінген сыңайлы. Мұнан шығатын қорытынды, Қазақстан халқынын 63 пайызын қазақ құрайтынын ескерсек, кімнің мүддесіне балта шауып отырғанымыз айтпаса да түсінікті. Бұл қазақты тағы да «жалқау» жасаудың ХХІ ғасырдағы тапқырлығы ма деп ойланып қаласың.

Әрине, қоғам болған соң, түрлі келеңсіздіктің етек алары анық. Америкада да жұмыссыздар өріп жүр. Алайда, оларды америкалықтар «жалқау» деп жар салмаймыз. Қытайлардың 80 пайызы кедейшілікте өмір сүреді,  сөйтсе де «қытай кедей» дегенді желеу етпейді. Бізде саяси ұстанымдарды есепке алмағанда, бір адамды жұмысқа алуға тура келсе «жалқау емес пе екен» деген күдіктен арыла алмаймыз. Қазақ байыса – «Жеп қойды ма екен» деп күмәнданамыз. Инвестиция тарту, тендер өткізу, жұмыс күшімен қамтамасыз етуге де міне, осы кедергі болып тұр. Сондықтан біз  «Қазақ жалқау емес, оның қолынан бәрі келеді», – деген ұстанымға келмей, жұмыссыздық мәселесін де шеше алмаймыз. Ол үшін батыл қадам, байыпты идеология керек. Оны әрбір қазақтың баласы өз ісіне деген қажырлықпен ғана орната алады. Кейде өркениетті еуропалықтармен неге көрші болмадық деген қысыр қиял да мазалайды. Осыны ойлағанда өткен жылы ғана  ЕҚЫҰ-на төраға болуымыз бұдан бұрынғы тарихтың қайталанбауы үшін керек шығар. Қазақ әсілі еңбекқор, алғыр, жаны жайсаң халық қой.

Қажет АНДАС.

31 января 2011, 16:43
2278

Loading...

Комментарии

DyuzEr
0
0
Жалпы қазақ жалқау да емес, масыл да емес. Бірақ бірен-саран жалқаулар бәрін құртады ғой. Анау Задорнов деген сатириктің жазғаны бар еді. Мынадай: Дүниеде ақылдылардан қарағанда ақымақтар әлдеқайда аз, бірақ олардың орналасқаны соншалық - әр қадам сайын кездеседі олар. Бізде де дәл солай
"Жақсы елдің балалары бірін батыр десе, жаман елдің балалары бірін-бірі қатын дейді" деп айтады. Осы тұжырымға, күннен күнге көзім жетіп келеді.
Жастар арасында адам танымау, бір-біріне жоғары қарау өте қатты дамып келе жатыр, өз елінің ұлт-дәстүріне "бірдеңе" қою, тұрған қоғамына "түкіру" осы проблема қазақ елін құртатын түрі бар.
Патриоттық сезімнің жоқтығы, патриоттық сезім деп тек өз ұлт-дәстүрін көтеру емес, жалпы қоғамға даму дегенге көзқарас өте төмен.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 34685
  • 195
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15679
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12493
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12220
  • 62
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7943
  • 90
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2872
  • 70
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2063
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1618
  • 6