Менің сүйікті қазақ тілді әндерім

Айгуль Жамалова 2011 M01 30
6245
32
2
0

Сол көргенімнен нақты қанша жыл өткені есімде жоқ. Әйтеуір, СОК-тың(Спортивно оздоровительный комплекс) қасында құрбыммен қыдырып жүрген болатынмын. Алдымыздан ұлты орыс жұп қол ұстасып озып кетті...

Сол көргенімнен нақты қанша жыл өткені есімде жоқ. Әйтеуір, СОК-тың(Спортивно оздоровительный комплекс) қасында құрбыммен қыдырып жүрген болатынмын. Алдымыздан ұлты орыс жұп қол ұстасып озып кетті. Ал жігіттің ұялы телефонынан бір таныс әнді естігендей болдым. Құрбым маған жалт қарап, бұл "Бәйтерек" тобының "Сен" атты әні емес пе деп сұрады. Сонда менің тұла бойымды бір түрлі жылы сезім жаулап алғандай болды. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдердің қай тілде айтылып жатқаны соншалықты маңызды ма? Мен өз көзіммен көрген мысалға қарап, жоқ деп жауап берер едім.

Алайда, бұл жазбамның басты тақырыбы ол жайында емес.

Мен сіздердің көңіліңізді қазіргі қазақ тілді әндерге бұрмақпын. Нақтырақ айтқанда, өзім ұнататын және қаншама уақыт өтсе де "плей-листтен" өшірмейтін өлеңдер тізімімен таныстырғым келіп тұр.

1. "ДоМажор" тобының "Ғашығым" әні. Оны кей жерлерде "Арманым" немесе "Қайда жүрсің сен?" деп атайды. Ал мен оны көпке дейін "Жүрегімді жаралап" деп атап жүрдім)) Бұл топ мүшелерінің дауыстары ерекше таза, құлаққа жағымды болып көрінді. Сондықтан ең сүйікті әндер қатарына жатқыздым.

2. Келесі өлең Ғаділбек есімді әншінің "Жылама жаным" атты туындысы. Бұл жерде енді айтар сөз жоқ. Бұл өлең айырылысып кеткен көптеген бойжеткендердің жүрегін жұбатқан шығар. Солардың қатарында мен де бармын. Ал осы жазбамды даярлау барысында, алғаш рет осы әнге түсірілген бейне-клипті тамашаладым. Өздеріңіз де байқап көріңіз!

3. Тағы бір сүйікті өлеңім Самал тобының "Сезім азабы" атты шығармасы. 2010-жылдың жазында радиодан күн сайын тыңдайтын едім. Сонда да жалыққаным жоқ. Сөздері керемет! Құлақ салып көріңіз...

 

Осы үш әнді тыңдағанда ерекше сезімге бөленемін. Бір жағынан олар маған байсалдылықты, рақатты сыйласа, екінші жағынан ішкі дүниемді аударып жібереді, ішімде белгісіз әлдене ең тереңде жатқан елестерімді оятып, барлығын қопарып тастайтын сияқты. Сонда да, тыңдаған сайын бірінші рет тыңдап тұрғанымдай сүйсінемін.

 

4. Ал енді тағы бір тамашалағым келіп тұрған бейнеклип Жеңісханның "Әлем" өлеңі. Алғаш рет көргенімде қатты таңқалдым. Бойжеткеннің кейпі, жалпы қойылым, оның стилі  менталитетімізге қайшы болғандай көрінді. Бірақ маған сонысымен де ұнаған шығар... Тағы бір айта кететін жайт, клиптегі көлік шіркін тамаша екен)))

5. Ал мына жігіт тіпті керемет! Есімі Айса. Әннің аты "Бақ құсым". Өздеріңіз де естіген боларсыз. Шетелдің Ne-Yo деген әншісіне еліктейтін сияқты. Десек те жаман емес. Өте жақсы деген баға беремін.

****************************************************************

Осы жазбамның қорытындысына келетін болсам, ең басында мен орыс ұлтты жұпты бостан босқа еске алғаным жоқ. Дәл сол мезетте, олар менің алдымнан қол ұстасып өткенде мен бір ақиқатты түсіндім. Біздің өмірімізбен жанаспайтын музыка әлемінде махаббат сезімінің ерекше өзіне ғана тән әуені бар. Және сол әуенді тек қана сүйе білетін, нағыз пәк сезімді жүрегінен өткізе білген адамдар ғана естей алады. Өлеңдер қай тілде айтылса да, нағыз махаббат сезімінің әуенін басқа дыбыстармен шатастырып алу мүмкін емес. Өйткені махаббат Африкада да махаббат емес пе? ;)

PS. Ал сіздің сүйікті махаббат жайлы қазақ тілді әндеріңіз қандай?

Оцените пост

-1

Комментарии

0
Сенің жазбамнан кейін осы өлендерді тындап алам)) Ертерек қазақ өлендерді аз ғана естідім. Бұл ұят қой,білемін)) Солай ойлаймын, менің қазақ тілінді білү жақсартуға керек
0
Өлеңдерді тыңдап көр, ұнайтын шығар. Ал қазақ тіліңді расында да сәл-сәл жөндеу керек, бірақ бастамасы жақсы)))
0
Сұлу қыз,
Көршінің қызы,
Ақбота Керімбекова - Қош бол махаббатым,
Уркер - Жаным
0
Жақсы өлеңдер! Өз плэйлистімді тіпті ұмытып кеттіппін) Тағыда біреуін шығру керек
0
Үстіңгі әндерден Самал тобы мен Ғаділбек әндері әдемі шыққан. Өзіңді баурап алады.
Қосымша менің сүйікті әндерімнен.
ОРДА — Түнгi жанбыр
МузАрт & Меломен - Келеді кездескім
Арнау — Аңсарым сен
Негізі саны көп көңілден шыққан. Әзірге еске түскендері осы. )))
Показать комментарии
Дальше