Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:24, 25 января 2011

Бақытты еркек және бақытты әйел деген кім? Бүгін қатты ойландым...

Ақыл-есi бар адам өмiрлiк жұбайына деген махаббатын‚ сүйiспеншiлiгiн оның бес-он жылдық уақытша және тән сұлулығына арнамайды. Қайта әйел баласының асқан сұлулығының ең әдемiсi және бақи қалатын жаз дидарлы мейiрiмiне‚ әйелге тән жан сұлулығына арнауы керек. Сонда ғана бейшара зайыбы қартайған сайын‚ күйеуiнiң оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткенi оның зайыбы тек мына тiршiлiкте ғана уақытша көмектесетiн жолдас емес‚ қайта мәңгi өмiрiнде де өмiр бақи сүйiктi жұбайы болғандықтан, бұрынғыдан да артық қасиет тұтып, рақымдылық жасап‚ қартайған сайын бiр-бiрiн сүйiп өтулерi керек. Қазiргi таңда мәдени-ағарту тәрбиесi деп ат жамылған хайуандардағыдай уақытша жұптық тұрмыстан соң мәңгi айрылысуға душар болған семья өмiрi‚ әрине‚ мүлдем бұзылады.

Тағы да Рисале-и Нұрдың бiр бөлiмiнде былай делiнген болатын:  Бақытты адам - сол адам: мәңгi жұбайынан айрылып қалмас үшiн дiндар әйелiне елiктеп‚ дiндар болады. Сондай-ақ, бақытты әйел - сол әйел: күйеуiн дiндар деп бiлiп‚ мәңгi жан жары мен досынан айрылып қалмас үшiн нағыз дiндар болады‚ сөйтiп дүние бақытының iшiнде ақыреттiк бақытына қолы жетедi.

Бақытсыз адам - сол адам: жаман жолда жүрген әйелiн тәрбиеге шақырмайды‚ қайта оған елтiп‚ өзi де қосыла iстейдi. Бақытсыз әйел - сол әйел: адасқан күйеуiнiң күнәсiне қарайды‚ оған басқалай жолмен ерiп бұзылады. Қарғыс атсын сол күйеу мен әйелдi‚ олар - бiр-бiрiн отқа лақтырғанда жәрдем бередi‚ яғни мәдениеттiң көз бояушы жылтырақ сән-салтанатына бiр-бiрiн итермелейдi.

Мiне‚ Рисале-и Нұрдың осы мағыналас сөйлемдерiнiң түсiнiгiн айтар болсақ, бұл заманда жан ұя өмiрiнiң жандануы үшiн‚ дүние мен ақырет бақытына жету үшiн‚ әйел баласындағы ұлы мiнез-құлықтардың дамуы үшiн бiрден-бiр себеп - шариғат аясындағы Ислами әдептiлiк қана.

Қазiргi кезде жан ұя өмiрiнде аса маңызды мәселе:  Әйелi күйеуiнiң жаман қылықтарын‚ өзiне деген ықылассыздығын‚ салқын қабағын көредi де ерегiсiп‚ ол да әйелге тән жан ұялық мiндетi болып табылатын шын берiлгендiгi мен сенiмдiлiгiн жойса‚ нақ әскери бөлiмде тәртiп бұзылғандай‚ ол жан ұядағы тiршiлiктiң астан- кестеңi шығады. Қайта әйелi мәңгi жан досын құтқару үшiн қолынан келгенше оның қате-кемiстiгiн түзеуге әрекет жасауы керек. Әйтпесе‚ ол да жартылай жалаңаш киiнiп‚ өзiн басқаларға көрсетуге тырысып, ұнағысы келсе‚ есепсiз залалын тартады. Өйткенi шын берiлгендiгiн жойып‚ дүниеде жазасын тартады. Себебi жаратылысы бөгде еркектердiң назарынан қорқады‚ қысылады және ұялады. Бейтаныс жиырма еркек болса, олардың он сегiзiнiң көзiне көрiнуден жеркенедi. Ал ер адам болса‚ ондай емес. Ол бөгде жүз әйелдiң небәрi бiреуiнен-ақ жиренедi‚ қарағанынан қысылады. Әйел осы жағынан азап тартады‚ әрi ықылассыз‚ сенiмсiз деп айыпталады. Сондай-ақ‚ нәзiк әрi осалдығымен бiрге өз құқығын қорғай алмайды.
Әйел заты мейiрбандылық тұрғыдан қаhармандық көрсетуде‚ ықылас жолында еркектерге ұқсамайтыны сияқты еркектер де қаhармандық жағынан оларға жете алмауда. Сол сияқты бейкүнә әйелдер де азғындық жолда қай жақтан болса да еркектерге жете алмайды. Сондықтан жаратылысы және нәзiк болмысы бөгде адамдардан қатты қорқады‚ әрi ұзын жамылғы iшiнде сақтанып‚ өздерiн қорғауға мәжбүр деп бiледi. Себебi еркек адам сегiз минуттық рақат пен ләззат үшiн нәпсiқұмар ұстамсыздыққа салынса‚ небәрi сегiз теңгедей шығынға ұшырайды. Бiрақ әйел баласы нәпсiқұмарлық-тағы сегiз минуттық ләззаттың жазасы ретiнде дүниеде аяғы ауырлап‚ сегiз ай бойы бала көтередi‚ әрi мұның үстiне сегiз жыл тағы да әлгi қорғаусыз баласының тәрбиесiмен әлекке түсiп‚ арып-тозады. Сондықтан олар ұстамсыз нәпсiқұмарлықта еркектерге жете алмайды‚ қайта жүз есе артық азабын тартады. Осындай оқиғалар аз емес‚ әрi мүбәрак әйел атаулы жаратылыстарынан қасиеттi мiнез-құлықтың қайнар көзi болғаны iспеттi, күнә жасап азғындауда және нәпсiқұмарлықта дүние рақаты үшiн олар қабiлетсiз екенiн көрсетуде. Демек олар Ислами тәрбие ауқымында жан ұяның жанданып‚ бақытты өмiр сүруi үшiн арналған абзал жандар боп табылады. Осы абзал жандарды жаман жолға түсiрушi ұйымдар жер жастансын!.. Аллаh бұл әпке-қарымдастарымды осы сойқаншылдардың кесiрiнен сақтасын‚ әмин...

Кейбiр хадис шәрифтерде ишараттап‚ “ақырзаманда келетiн әйел атаулыда иман ақиқаттары тез дамып өркен жаяды. Олар сол кездегi адасушылықтың қатерлерiнен бiршама аман қалады‚”-деп баяндалған. Тағы да бiр хадис шәрифте деген әмiр бар‚ яғни “ақырзаманда қартаң әйелдердiң дiнiне ұйып‚ оларға ерiңдер” демекшi‚ мейiрбандық қаhармандары аталған әйелдер мейiрiмдiлiктен бастау алған шын жүрегiмен және ықыласты болып‚ сол уақыттағы дiнсiздiктiң екi жүздiлiгiнен, қатерлерiнен құтылуға себепшi болады. Олар мұсылманшылықтарын аман алып қалады.

Соған қоса тағы бiр хадис шәрифте деп бұйырады‚ яғни “қыздардың әкесiнiң рызығына береке қонады.”

Демек ақырзаманда қыз балалары көбейедi. Өздерi мүбәрак және несiбелерi берекелi болады.

Жарияланған жері:  http://www.nur.gen.tr/kk/Risale/Risale.html?islem=index&KitapId=149

1
3517
0