---
title: "112"
description: "Archive – 2015 – yanvar’ – 29 – SNH_POEZD_Madina_Kairat – Kairat Salykov5427 Титр: ЛӘЗЗАТ АЛЕНОВА – ..."
author: "medinarebrova"
published: "2015-10-07T02:59:29+00:00"
modified: "2016-01-29T14:14:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/112-573849"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/112-573849/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 112

> Archive – 2015 – yanvar’ – 29 – SNH_POEZD_Madina_Kairat – Kairat Salykov5427 Титр: ЛӘЗЗАТ АЛЕНОВА – ...

**Archive – 2015 – yanvar’ – 29 – SNH_POEZD_Madina_Kairat** **–** **Kairat Salykov5427**

**Титр****:** **Л****ӘЗЗАТ АЛЕНОВА – ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ**

**01:03** Көліктегі ІІд қызметкерлері темір жол қауіпсіздігін сақтау шараларын азаматтар мен жасөспірімдерге ұдайы түсіндіріп келеді. 2014 жылы оқу орындарында 1500-ден аса кездесулер өткізіледі. Соған қарамастан, теміржолда жарақат алу әлі күнге дейін фактілер азаймай отыр. Қайғылы оқиға 2015 жылғы 27-қаңтар күні таңертеңгі сағат 7.50-де Шымкент қаласы маңындағы «Қорғасын-Черноводск» аралығында орын алды. «Астана-Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар поезы сабаққа бара жатқан кезінде 8 жастағы 3-сынып оқушысын қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

**01:54** Осы оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жасөспірімнің темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпекші болғандығы, сондай-ақ оның тұрғылықты үйінің темір жолға өте жақын орналасқаны анықталды. 2014 жылдың 12-айында темір жол жарақатын алудың 139 оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84-азамат қайтыс болды. Соның ішінде, жасөспірімдерге қатысты жарақат алудың 10 фактісі тіркеліп, 4-қайтыс болды. Еліміздің көлік полицейлерімен 2014 жылы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 439-бабының 5-тармағы, яғни, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өту бойынша 28 798 азамат жауапкершілікке тартылды. Ал биылғы жылдың алғашқы айында 1500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/112-573849](https://yvision.kz/post/112-573849)