сен қасымда бар болғаның бағалы

Dauren Kubeyev 2011 M01 21
1328
4
1
0

бар ма жанның сағынбауға амалы,  сезім-толқын шарқ ұрады жағаны.  алыстаған шақта ғана түсіндім, сен қасымда бар болғаның бағалы. сағынасың, көздің жасы тамады -  сағынышты бір басудың амалы.  шыда...

бар ма жанның сағынбауға амалы, 
сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. 
алыстаған шақта ғана түсіндім, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

сағынасың, көздің жасы тамады - 
сағынышты бір басудың амалы. 
шыда, жаным, сәлден кейін күлімдеп, 
құшағыма қысып-қысып аламын.

сезіміңнің әсем әуен бал әні, 
мәңгілікке бар санамда қалады. 
маған десе мың өзгерсін барша әлем, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

Daure6 (c)

Оцените пост

1

Комментарии

0
Керемет өлең екен... Авторы өзіңіз бе?
0
Авторы озим! Багалаганынызга рахмет!
0
Өлеңдеріңіз керемет екен!
0
Осы сөздер осы олен журектен орын алады екен! Сизге рахмет! Шабытыныз шындала берсин!
Показать комментарии
Дальше