Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:09, 20 января 2011

Азиаданы тамашалайтындар тым аз

Blog post image

Азия ойындарын тамашалайтын туристердің саны ұйымдастырушылар жобалағандай 10 мыңды төңіректемеуі мүмкін. Отандық туроператорлар осылай дейді. Бүгінде Азия ойындарына билеттер баяу қарқынмен сатылуда, ал шетелден келетін жанкүйерлер саны біз күткендей болмайтын сыңайлы. Азия ойындарының басталуына тура он күн қалса да сары құрлықтың басты сайысына келетін жат елдік жанкүйерлерге бар болғаны үш жарым мың билет сатылған. Бұл билеттердің басым бөлігін Қытай, Корея және Жапония туристері алғаны анық болды.

Шетелдік жанкүйерлерге ойындардың екі жақта өтетіні ұнамаса керек. Негізі, қандай да бір спорттық шараны өткізуді мемлекет емес, қала ұтып алады. Алғашында түгелдей Алматыда жалауы желбірейді деген Азия ойындарының жартысын Астанаға көшіріп жіберген соң, туристер санының тым азайып кетуі заңды. «Эйр Астана» басшысы Питер Фостердің қос қалаға қатынайтын ұшақтар санын көбейтеміз деген сөзі де он мың туристі жинай алмайтын сияқты. Бір жағынан, Азияның біраз мемлекетінде қысқы спорттың жолға қойылмауы қонақтар санын қысқартып отыр

Аягөз ДӘКЕН.

0
351
0