Төлқұжат алу тездетіледі

Ардабек Солдатбай 2011 M01 18
1789
0
0
0

Ақпан айынан бастап Әділет министрлігі жеке куәлік пен төлқұжат беру мерзімін жылдамдатады. Естеріңізде болса былтыр жазда әділет министрлігі өндіруші-зауыттың шамасы келмей жатыр деген себеппен...

Ақпан айынан бастап Әділет министрлігі жеке куәлік пен төлқұжат беру мерзімін жылдамдатады. Естеріңізде болса былтыр жазда әділет министрлігі өндіруші-зауыттың шамасы келмей жатыр деген себеппен жеке куәлік пен төлқұжаттыжылдамдатып беруге уақытша тиым салған болатын.

Қазір ең тез алдым дегенде жеке бас құжаттарыңыз екі айдан кейін ғана қолыңызға тиеді. Дегенмен, шетелге тығыз сапарға шығуы тиіс азаматтар дәлел-дәйек көрсете алса тездетіп жасап береді. Құдайға шүкір, біздің азаматтарымызда дәйек деген жетеді. Қалталарында бума-бума көкқұлақ болып жүреді. Әділминдегілер де мұндай дәйектерге теріс қарамайтынын білеміз. Кез келген тиым салынған дүниені «бармақ басты, көз қыстыға» айналдыра қоятындар көп. Дегенмен, министрліктің жеке бас құжаттарын беруде бұрынғы жүйеге қайта көшуіне негіз болған екі себеп бар деп ойлаймыз – не өндіруші-зауыттың шынымен қуаттылығы артып кеткен, не әділет қызметкерлерінің арасында парақорлық өршіп кеткен.

Қарапайым халыққа ыңғайсыздық туғызып, шетелде туыстары тұратын азаматтардың қайғы мен қуанышта дер кезінде жете алмай пұшайман болғаны шындық. Министрліктің сылтауына қолын бір сілтеген талайлардың кеңсе қызметкерлерімен жалғасып жұмыстарын тындырып алып жүргенін білеміз.

Тағы бір жақсы жаңалық жеке куәлікке жапсыратын IT-карт бұған дейін шетелден алынып келсе, енді Қазақстанның Ұлттық Банкінің банкнот зауытында жасалатын болыпты. Осының барлығы енді құжат алудың ең аз мерзімін екі айдан бір айға дейін қысқартатын болады.

Әзиз ӘМІРЕ.

Оцените пост

0